Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2022

954

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті

2022 жылы 29 сәуірде ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың, ҚХА Төрағасы Марат Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті.


Сессия жұмысына аймақ әкімдері – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы ҚХА төрағалары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, аймақтық және республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның жұмысына барлығы 425 мүше қатысты.

Сессия «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтті. Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және тағы да өзге қатысушылар сөз сөйледі.

ҚХА Төрағасы Марат Әзілханов тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі айрықша екенін атап өтті.

Сессияда алғаш сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Калашникова Наталья Павловнаға бұл сессияның тарихи маңызы зор әрі жаңа форматта ғана емес, жаңа саяси бағытта өтіп жатқандығын ерекше атап өтті.

Ал Максим Рожин еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырды.

Бүгін біз барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға атсалысып келеміз. Мен Кеңес мүшесі ретінде оның алғышарттарын өз көзіммен көрдім. Қазір болашағымызды айқындайтын тарихи бастамалар жүзеге асып жатыр. Бір сөзбен айтқанда шаруалар өте көп. Бірақ өзгерістер осымен тоқтап қалмайды. Өзіміз жуырда кеңеске ұсынылған өзгерістер жөнінде қоғамда үлкен талқылау жүріп жатыр. Бұл ұсыныстардың барлығы еліміздің одан әрі демократияландыруға арналған нақты міндеті. Оның негізінде сайлау жүйесі өзгереді. Әсіресе мажоритарлық сайлау жүйесінің қайтып келгенін халық қуанып қарсы алып жатыр. Сонымен қатар әкімдерді сайлап жатырмыз. Өзім халық арасында жүргеннен кейін барлығына куәмін. Ең бастысы қолға алынға жұмыстап мен Ата Заңымыздың негізі саналатын азаматтардың өмірін көздейтін шараларды жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін бірлік пен ынтымақ керек. Мен өзінің құндылығын шынайы бағалайтын және сақтайтын халықтың ғана болашағы зор деп білемін. Өзінің болашағын туған еліміз Қазақстанмен байланыстыратын әрбір қазақстандық үшін еліміздің мәдениеті, тарихы, тілі бір деңгейде болуы керек. Бұлай дейтін себебім құндылықтың біреуін ғана алып, біреуін елемеу ол бірліктің белгісі емес, — деді ол.

Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдіктің маңызы зор екенін атап өтті.

— Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Халқымызда : «Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр» деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен береке бірлікпен келеді. Сондықтан да халқымыз бұл сөздің мағынасын халқымыз ерекше түсінеді, — деді Дихан Қамзабекұлы.

Президент өз сөзінде «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік» — деді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаһандық технологиялық жаңа үдерістер кезінде ұлттың гуманитарлық қуаты айрықша рөл атқаратындығын айтты.

Қазіргі таңда Конституциялық Кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр. Елдің Ата Заңына отызға жуық түзетулер енгізілді, жиырмадан астам заңның .Бұл өзгерістер саяси жүйеден бастап елдің құрылымын өзгертуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Ендігі кезекте саяси реформаларды аяғына дейін жүргізуіміз маңызды. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру ортақ борышымыз. Себебі кез келген тарихи сәттің орын алуы қашанда халықтың шынайы қолдауына ие болғанда ғана жүзеге асады. Осы ойымды барлық этно мәдени бірлестіктердің жетекшілері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін. Ассамблеяның құрылымдары мен мүшелері алдыңғы сапта болуымыз керек. Біз бұл мәселеге Ассамблеяның ғылыми сарапшылық кеңесінің де күшін жұмылдырамыз, — деді «Ахыска Түрік этномәдени орталығы Қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы» Әскер Аллабердіұлы Пириев.

Президент сессия соңында «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз. Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп ортақ іске әрбір азамат, бүкіл ел болып атсалысуға шақырды.

Кейін қарай