23 Ақпан, 2017
805
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ РӨЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИСПУТ-ФОРУМЫ
2017 жылғы 23 ақпанда ҚР Ұлттық музейінің ғылыми кітапхана залында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты халықаралық диспут-форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Әбдірайым, Ресей Федерациясы Медиаторлар ұлттық ұйымының президенті Ц.Шамликашвили, ҚР Судьялар одағының төрағасы М.Әлімбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ұ.Сүлейменова, ҚХА Медиация кеңесінің мүшелері, Достық үйлері медиация кабинеттерінің меңгерушілері, кәсіби, қоғамдық медиаторлар және басқалар қатысты.
Диспут-форум барысында татуластыру рәсімдері институтының жай-күйі мен оларды дамыту мәселелері, ҚХА медиация құрылымдарының орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасауының негізгі тетіктері; медиацияның ҚР сот жүйесіндегі рөлі, сот органдарының ҚХА медиация құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауының мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
«Медиация институтын дамыту ҚХА-ның басым бағыттарының бірі. Бұл жайында Ассамблея сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Біріншіден, ҚХА кәсіби медиаторлармен сындарлы өзара іс-қимылды қалыптастыру тұрғысында жұмыстарды атқаруда. Сонымен қатар біз даулы жағдайлардың алдын алу мен оларды шешуде барлық құрылымдармен және этномәдени бірлестіктермен медиативтік технологияларды пайдалану тәжірибесін кеңейтуге талпынудамыз. Екіншіден, бүгінде Ассамблея медиациясының жалпыреспубликалық инклюзивті желісі құрылды. Оның құрамына 2 207 Қоғамдық келісім кеңестері, 2 141 Аналар кеңесі, сондай-ақ достық үйлеріндегі 17 медиация кабинеттері еніп отыр. ҚХА Медиация кеңесі құрылып, облыстарда 13 кеңес жұмыс істеп жатыр. Аудандар, ауылдар деңгейінде қоғамдық келісім және медиацияның 1 117 кабинеті жасақталды. Олар өз кезегінде туындайтын мәселелер бойынша мемлекеттің, қоғамдық институттардың және азаматтардың өзара іс-қимылының тірек алаңдарына айналуда»,-деді Тоғжанов.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің Ресей Федерациясы Медиаторлар ұлттық ұйымымен, Ресей Федерациясы Федералдық медиация институтымен және ҚР республикалық адвокаттар алқасымен меморандумдарға қол қою рәсімі өткізілді.
Диспут-форумның қорытындысы бойынша елде медиацияны дамыту бойынша, атап айтқанда:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында Медиаторлардың ұлттық қауымдастығын құру қажеттігі туралы;
* Қазақстан медиаторларының 1-съезін өткізу туралы;
* Медиатордың құқықтық мәртебесін және қызметіне кепілдікті күшейту мақсатында медиация мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын әзірлеу бойынша;
* Ассамблея жанынан сарапшы медиаторлар мен практик медиаторларды даярлайтын тұрақты түрде жұмыс істейтін республикалық лекторий ұйымдастыру туралы;
* Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы нақты ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдалатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады