16 Маусым, 2024
183
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ықылас» медицина қызметкерлерінің форумы өтті
ҚР медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының Алматы қалалық филиалы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ықылас» медицина қызметкерлерінің форумын өткізді.
Форумға Астана, Алматы қалалары мен Қонаев, Алматы және Жетісу облысынан 90-нан астам медицина қызметкерлері жиналды. Олардың қатарында профессорлар мен медицина ғылымдарының докторлары, сондай-ақ дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер бар.
Форумның модераторы ҚХА мүшесі, профессор, жоғары санатты хирург Абайдулла Жапаров болды.
Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Долкунтай Абдулхалил құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында Президент К.К. Тоқаевтың бастамалары мен оны орындауда медициналық зиялы қауым өкілдерінің қандай рөл атқаратындығы туралы әңгімелесті.
Іс-шара соңында аталған мерекеге орай арнайы медицина қызметкерлерін қоғамдық награда «Ықылас» медалімен салтанатты марапаттау өтті. Модератор ретінде Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев сөз сөйледі.
Аталған медаль медицина профессорлары, медицина ғылымдарының докторлары, дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлерге денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқандары үшін және жыл сайын Қазақстан Республикасының медицина қызметкері күніне орай табысталады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
вчера, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
19 Маусым, 09:41
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
20 Маусым, 09:33
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы