Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қараша, 2021

264

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді

2021 жылғы 16 қараша күні сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Қордай көшесі, 2) Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді.

Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Медиация орталықтарының өкілдері, ҚХА кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, өңірлік медиация кабинеттерінің басшылары, БАҚ және т.б. қатысады.

Іс-шара барысында ҚХА Төрағасы – ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралады.


Кейін қарай