22 Сәуір, 2015
1629
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
АСТАНА. 2015 жылдың 22 сәуірі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Ассамблея Кеңесінің жұмысына ҚР Парламентінің депуттатары, орталық және жергілікті мемлекеттік орган басшылары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ассамблеяның аймақтардағы хатшылықтары, ғылыми шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
Ассамблея Кеңесі мен этномәдени бірлестіктер мүшелерімен іске асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын айқындай отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ассамблея жылы Қазақстанның әр азаматының жүрегіне жол табуды ұстанған мақсатқа жетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік Хатшысы Қазақстан тарихында ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім, бірлік пен тұрақтылық саясатын бекіту нышаны ретінде қалатын ҚХА жылы мен алдағы ҚХА ХХІІ сессиясының тағдыршешті маңызын атап өтті.
Ассамблея кеңесінің отырысында ҚХА Жылын өткізу барысы, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы, «ҚХА-20 ізгі іс» республикалық акциясын жүзеге асыру жайлы ақпарат пен жұмыс нәтижелері қаралды.
Ұлттық Академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы залының ашылу салтанаты, этномәдени бірлестіктер қызметі жайындағы «Менің Қазақстаным» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғашқы қадамдар (1995-1997жж.)» жинақтарының тұсаукесері өтті.
ҚХА Кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік Хатшысы болашақта Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар белгіледі.Ұлттық академиялық кітапханада, Қазақ хандығының 550-жылдығы; ҚР Ата Заңының 20 жылдығы; Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы; «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега жобасының қорытындысына арналған көрме өткізілді.
ҚХА Кеңесін өткізу аясында Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы залының ашылу салтанаты болып өтті. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы «Менің Қазақстаным» анықтамалығының және ҚХА мұрағаттық құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өткізілді. «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғашқы қадамдар» (1995-1997) жылдар
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарын ілгерілету, мәдениетаралық сұхбат арқылы адамдар арасында өзара түсіністік пен достық қарым-қатынас орнату мақсатында жұмыс істейді.
ҚХА залы ресурсының негізін 2009 жылы ұйымдастырылған ҚХА Депозитариінің қоры құрайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарлық кітапханасы Қазақстанда тұратын этностар туралы мемлекеттік, орыс және басқа тілдерде ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Ынтымақтастық аясында ҚХА ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорына Ғылыми-Сарапшылық Кеңесі мүшелерінің ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, Қазақстан халқының мәдени және тілдік әралуандығы туралы материалдар, анықтамалық және көркем әдебиеттер, мерзімдік басылымдарды тегін береді. ҚХА Депозитариінің қоры Ассамблеяның өңірлік филиалдары басып шығарған құжаттармен де толықтырылады.
ҚХА Депозитариінің қорында 1500 данадан аса құжаттар тіркелген. Олардың ішінде ерекше сұранысқа ие құжаттар – монографиялар, ғылыми конференциялар жинақтары, өңірлік ҚХА бөлімдерінің ақпараттық бюллетеньдерінің 374 данасы цифрланған және Қазақстанның ұлттық электрондық (www.kazneb.kz) кітапханасына тапсырылған.
Аталған виртуалдық порталға 2014 жылы әлемнің 80 елінен 111 мың 973 адам кірген. (Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Австралия т.б.) Сондай-ақ бұл электрондық ресурста көз жанарынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы нұсқа да қарастырылған. «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғашқы қадамдар» (1995-1997) мұрағаттық құжаттар жинағында ҚР Президенті қорының мұрағатында сақталған құжаттар топтастырылған. Жинақта Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы қадамдары, Ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған институтуттың міндеттері мен мақсаттары туралы айтылады.
Сондай-ақ кітапта ұлттық мәдени орталықтардың санқырлы қызметтері де жарық көрген.
«Менің Қазақстаным» анықтамалығында Қазақстанда құрылған республикалық, аймақтық этномәдени бірлестіктер туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі түрде басылып шықты. Анықтамалық үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде республикалық этномәдени бірлестіктер жөніндегі дерек мәліметтер жинақталған. Бірлестіктердің құрылу тарихы, жетекшілері туралы мәліметтер, мақсат міндеттері туралы жазылған. Ал екінші бөлімде аймақтық этномәдени бірлестіктер жөнінде қажетті мәліметтер жинақталған. Олардың атаулары, жетекшілерінің байланыс дереккөздері жазылған. Үшінші бөлімде этностық БАҚ және театрлар жөнінде мәліметтер бар.
_______________________________________
«Қоғамдық Келісім» РММ Баспасөз қызметі :
тел. 74-12-15, 74-12-13, +77077051211
E-mail: info_rgy@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
«Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
«Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады