28 Тамыз, 2024
55
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қостанайда өткен қос шара
26-28 тамыз аралығында өңірдің түкпір-түкпірінен келген 90 бала көркем Наурызым ауданы Қарамеңді ауылындағы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы аясында жазғы оқу лагерінде болып қайтты.
Қостанай облысындағы жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушылары қатарынан мемлекеттік тілді үйрену барысында үздік нәтиже көрсеткен балалар үш күн бойы Наурызым ауданында қазақ тілі мен мәдениетінің сан қырлы әлеміне саяхат жасады.
Жаз бойы олар кураторлардың тапсырмаларын орындады: қазақ тілінде өздері туралы бейнеролик түсіріп, әдебиет оқып, онлайн-байқауларға қатысты. Соңғы кезең облыстың осы аймағына бағытталған сапар болды.
Лагерь бағдарламасында - ұлттық ойындар бойынша шеберлік сыныптары, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының мұражайына экскурсия, ойын-сауыққа толы концерттік бағдарлама, табиғи қорықтағы экскурсия, киіз үйді жинауға және орнатуға қатысу, Наурызым өлкетану мұражайына, аудандық кітапханаға, Докучаев жалпы білім беретін мектебіне, «L-клуб» патриоттық тәрбие кабинетіне, сондай-ақ Түркебай ата, Қоянақ әже секілді киелі орындарға экскурсия жасау.
Балалар үшін мәдениет пен дәстүрлерді, мемлекеттік тілді зерделеу бойынша ақпараттық алаңдар, мобилография және жасанды интеллектпен жұмыс бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Лагерь тілдік дағдыларды нығайтуға арналған орын ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі этнос өкілдерінің балалары арасындағы достық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мемлекеттік тілді үйренуге ниеті бар балаларды қолдау мақсатында оларға салтанатты түрде мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Облыс әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.Рамазанованың айтуынша, аталмыш жоба мемлекеттік тілді дамытуға, балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Аудандағы бастауыш сынып мұғалімі, облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ белсендісі Е.Гедзур бұл лагерьдің балалар өміріндегі жарқын сәттердің біріне айналатынына сенім білдірді.
Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан бұл шара өткен жылы аудандардан келген 200-ден астам балалар мен педагогтарды жинаған еді. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған аталмыш лагерь балалар үшін пайдалы әрі қызықты тәжірибе болып, қоғамдағы жалпыұлттық бірлік пен келісімді дамытуға өз үлесін қосары сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтын кітап» баспасының бас редакторы Вячеслав Титенёвпен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан поляктары одағы» ЗТБ төрағасы Виталий Хмелевскиймен кездесуі өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жас ғалымдар клубымен кездесуі
-
ҚХА Төрағасының орынбасары қазақстандық неміс орталығында болды
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
4 Қазан, 20:02
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтын кітап» баспасының бас редакторы Вячеслав Титенёвпен кездесуі өтті
4 Қазан, 15:08
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының магистранттарымен кездесуі өтті
4 Қазан, 19:20
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан поляктары одағы» ЗТБ төрағасы Виталий Хмелевскиймен кездесуі өтті
8 Қазан, 21:58
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының Достық үйінің қызметімен танысты
8 Қазан, 21:02
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының әкімімен кездесті