Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2021

16529

Қазақстан халқының күші – бірлікте

28 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың үкімі бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы өтеді. Республикалық форумның тақырыбы – «Бірлік, бейбітшілік пен келісімге 30 жыл».


Өткен жылдары Солтүстік Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктердің қызметі үшін қажетті жағдайлар жасалды. Мысал ретінде «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысын айтуға болады.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін сессия қарсаңында оның төрағасы Курбанов Чингиз Гаджимамед-Оглы өз ойларымен бөлісті.

– Сіз басқарып отырған этномәдени бірлестіктің құрылу тарихы жайында айтып берсеңіз.

– Біздің бірлестік 1995 жылы мамыр айында тіркелді. Облыс орталығы басқармасының алғашқы мүшелері әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері – Гасанов Мирахмед Зиядали-Оглы, Дадашов Расул Муталлим-Оглы және басқа да танымал солтүстікқазақстандықтар болды. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы Достық үйінде орналасқан. Орталықтың жұмысын әзірбайжан этносының танымал өкілдері қолдады. Қазіргі уақытта этномәдени бірлестіктің қызметіне халықтың кең топтары – Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары, СҚУ және колледждер студенттері, қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары тартылған. Этномәдени бірлестігіміздің белсенділері - Мирахмед Гасановқа, Расул Дадашовқа, Самир Зейналовқа, Шахнияр Аллахьяроваға, Тамам Мамедоваға, Эльман Танрывердиевқа және басқаларына шексіз шынайы алғыс білдіремін.

– Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мақсаты қандай?

– Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің басым мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасында тұратын этностар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық мәдениетті жаңғырту және дамыту, мақтаныш пен патриотизм сезімін тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып белгіленді.

– Сіздер өзге этномәдени бірлестіктермен қалай өзара қарым-қатынас жасайсыздар?

– Біз барлық аккредиттелген бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық жасаймыз. Бүгінде облыста 21 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Әзірбайжан этносының өкілдері Петропавл қаласындағы және облыс аудандарындағы барлық бірлестіктердің іс-шараларына қатысады. Пандемияға дейін біз Ресей Федерациясының шекаралас аудандарымен іскерлік қарым-қатынас орнаттық. Қорған облысына барған ынтымақтастық жөніндегі делегация құрамында «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» ҚБ өкілдерінің қатысуы мысал болады. Біз әріптестеріміз – басқа этномәдени бірлестіктер өкілдерінің Әзірбайжан Республикасы күніне, бүкіл әлемдегі әзірбайжандарының ынтымақтастық күніне, «Новруз байрамы» фестиваліне арналған іс-шараларға қатысуына қуаныштымыз. Әрине, өзіміз де Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік мерекелеріне қатысамыз.

– Әзірбайжан Республикасы Елшілігімен қандай байланыс бар?

– Біз Әзірбайжан Республикасының Елшілігімен қарым-қатынасты қолдаймыз және болашақта мәдени және білім алмасу аясындағы өзара іс-қимыл тек жанданатынына сенеміз.

– Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің даму болашағы қандай?

– Әзірбайжан мәдениеті орталығының даму перспективаларына келгенде, мынадай бағыттарды атап өткім келеді. Біріншіден, облыс орталығы мен аудан тұрғындарының көп бөлігін орталықтың жұмысына тарту бойынша жұмысты күшейту. Екіншіден, әзірбайжан тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін танымал ету. Үшіншіден, өңірімізде тұрып жатқан барлық этностармен Қазақстан мемлекеттілігін күшейтуге бағытталған бейбітшілік пен келісімді нығайту. Сондай-ақ жұмысымыздың перспективалық бағыттарының бірі жастарды этномәдени бірлестік өткізетін іс-шараларға қатысуға тарту болып табылады.

– Қазақстан дегенде ойыңызға қандай сезімдер оралады? Қандай пікірдесіз?

– Мен – Дманиси деген грузин қаласында дүниеге келген әзірбайжанмын. Менің еңбек жолым Қазақстанмен байланысты, ол мен үшін, отбасым үшін, туыстарым мен достарым үшін туған жерге айналды. Қазақ және әзірбайжан этностарының тілдері өте жақын. Жас әзірбайжандар облыста да, Қазақстан Республикасында да мемлекеттік тілді білуден жүлделі орындарға ие. Біздің халықта «Либо равным в дружбе быть, либо вовсе не дружить» деген мақал бар. Оның мәні біздің Қазақстанда қалай өмір сүретінімізді айқындайды. Біздің елімізде бәрі тең. Барлығы дос. Бейбітшілік пен келісімді бағалайды. Қазақстан халқының күші – бірлікте, оның құрамдас бөлігінің бірі әзірбайжандар болып табылады.

– Чингиз Гаджимамед-Оглы, берген сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет. «Қоғамдық келісім» КММ Сізге және этномәдени бірлестігіңізге мол табыс пен жетістіктер тілейді.

Кейін қарай