04 Мамыр, 2021
424
Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауы өз мәресіне жетті
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Атырау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі арқылы Атырау тұрғындары арасында 15-30 сәуір аралығында өткен Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауының мақсаты - этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарын жаңғырту.
Байқау шарттары бойынша қатысушылар ұлттық тағамдарды кезең-кезеңмен дайындап, ауызша сүйемелдеумен бейнеролик арқылы жолдады. Байқаудың қорытындысы әлеуметтік желілерде дауыс беру жолымен анықталды.
Қорытынды бойынша қазақ халқының «Жау жүрек» тағамы – 199 дауыс, өзбек халқының «Палау» тағамы – 62 дауыс, татар халқының «Чак-чак» тағамы – 30 дауыс, ұйғыр халқының «Лағман» тағамы – 16 дауыс, татар халқының «Гаробия» тағамы -14 дауыс жинады.
Барлық жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды.
Сол сияқты Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушылары арасында 15-25 сәуір аралығында «Тілге құрмет-елге құрмет» онлайн байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және қолданылу аясын кеңейту.
Мереке қарсаңында «Тілге құрмет-елге құрмет» онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Жалпы байқауға түрлі этнос өкілдерінен 12 оқушы қатысты. Комиссия құрамы мүшелерінің шешімі бойынша 1 орынды № 31мектеп гимназиясының оқушысы әзірбайжан ұлтының өкілі Тажиева Наргиз ( сертификат 30 000 теңге), 2 орынды №16 мектеп-лицейінің оқушысы татар ұлтының өкілі Мустафаева Диана ( сертификат 20 000теңге) иеленсе, 3 орынды №5 орта мектептің оқушысы орыс ұлтының өкілі Мухаева Милора және «Тағылым орта мектебінің оқушысы иорданец ұлтының өкілі Аль-Деек Набиль ( сертификат әрқайсысына 10 000 теңге) бөлісті. ал 8 оқушы белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды