
28 Сәуір, 2021
1487
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел тұрақтылығының кепілдігіне айналды
Аса Мәртебелі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,
Түркі әлемінің Ақсақалы және данышпан көшбасшысы,
Аса Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев!
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде Сіз басқарған Қазақстан ішкі тұрақтылығын орната отырып, мемлекеттік құрылысын аяқтап қана қоймай, сонымен бірге қоғамның барлық салаларында, әсіресе экономикада серпіліс жасады. Сіздің атыңызбен аталатын жаңа астана Ұлы даланың кіндігінде бой көтерді. Сіз негізін қалаған Қазақстан халық ассамблеясы ел тұрақтылығының кепілдігіне айналды.
Бұған қоса, Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналды. Қазіргі кезеңде Қазақстан – ядролық қарусызданудан терроризмге қарсы күрес, аймақтық интеграциядан көлік дәліздеріне дейінгі көптеген салаларда жауапкершілікті өз мойнына алатын сирек елдердің бірі. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі халықаралық ұйым болу жолында жылжуда.
Түркі әлемі аясында Сіз жүргізген тұрақты және дәйекті саясаттың арқасында түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы бүгінде халықаралық ұйым деңгейінде институттандырылды. Атап айтқанда, Түркі мемлекеттер ұйымы, Халықаралық Түркі академиясы, Түркпа – Сіздің тікелей бастамаңызбен құрылған құрылымдар. Қазақстан Сирия мәселесін шешуге арналған «Астана процесін» өткізу арқылы Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілікке де үлес қосуда.
Осы уақыт ішінде Түркия-Қазақстан қатынастары да қарқынды дамып, бауырластық байланыстарға негізделген екі ел ынтымақтастығы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Біздің елдеріміз білім беруден бастап ғылымға дейін, экономикадан өнеркәсіпке дейін көптеген салаларда ынтымақтасады. Әсіресе, біздің парламентаралық қарым-қатынасымыз өте күшті ерік-жігермен жалғасын табуда. Біз Қазақстанның әрбір бастамасын қолдауға және бауырластық қарым-қатынасымызды нығайтуға әрқашан дайынбыз.
Қазақстанның осы 30 жылдық жетістіктері, шын мәнінде, Сіздің жетістіктеріңіз болып табылады. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, ең алдымен, Сізді құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізге зор денсаулық пен ұзақ өмір, ал бауырлас ел Қазақстан мәңгі жасауын шын ынта-пейілімізбен тілейміз.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі
Түркия–Қазақстан Достық Тобы Депутаттары:
1. Мехмет Әли Жевхери (Төраға) Шанлыурфа провинциясы;
2. Айхан Ерелин Аксарай провинциясы;
3. Ирфан Картал Ван провинциясы ;
4. Еркан Акчай Маниса провинциясы ;
5. Исмаил Учма Ыстанбұл провинциясы:
6. Фикрет Шахин Балыкесір провинциясы.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы