Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Тамыз, 2019

3864

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына жеткізілмек

Қостанай   қаласына   ресми  сапармен  келген  Тәжікстан  Республикасының Қазақстандағы елшісі Хайрулло Ибодзода облыстық Достық үйінің ұжымымен кездесті.

«Ай сайын аймақтарды аралап, диаспорамен танысып, оларды толғандыратын мәселелермен танысамын. Біздің алдымызда экономика, мәдениет, білім беру салалалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту міндеті тұр. Бүгінде екі елдің арасындағы тауар айналымы 845 млн. АҚШ долларын құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 млрд. АҚШ долларына жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан, біз ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін анықтау мақсатында аймақтардың әлеуетін зерттеудеміз», - дейді  Хайрулло Ибодзода.


Елші Қазақстандық «Jaс» автокөліктерінің, құрылыс материалдарының, теміржол вагондарының Тәжікстан мемлекеті тарапынан сұранысқа ие екендігін, екі ел  арасындағы әуе қатынастарының саны артып, теміржол байланысының жанданатынын, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру саласындағы қазақстандық әріптестердің тәжірибесін зерттеуге бағытталған жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын, білім беру саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін жеткізді.

«2009 жылы Қазақстан мен Тәжікстанның Әділет министрліктері арасында «Әділет органдары мен мекемелері қызметкерлеріне білім беру және олардың біліктілігін арттыру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту» жөнінде келісім жасалған болатын, сының арқасында Тәжістан Республикасының  азаматтары ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев  атындағы  Қостанай Академиясында білім алуда. Санаулы  жылдар аралығында біздің жоғары оқу орнынан 58 білікті маман түлеп шықты, олар қазіргі таңда Тәжікстанда еңбек атқаруда. Бүгінде академияда 29 тәжікстандық студент оқиды. Біз Наурыз мерекесін бірге тойлаймыз, Тәжікстанның мемлекеттік мерекелерін атап өтеміз. Бүгінде білім алушылар өз ана тілінде дәріс алуда. Біз олар үшін тәжікстандық оқу орындарының оқытушыларымен әркез онлайн трансляция ұйымдастырып тұрамыз», - дейді академия басшысы, полиция подполковнигі Нұрлан Биекенов.

Өз кезегіндек облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина Ұлы дала елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  ағымдағы жылдың сәуір айында атқарушы билік органдарына бизнес-құрылымдарының тарихи отандарымен әрекеттестікті дамыту міндетін қойғандығын жеткізді.

Тәжікстан елшісі өз кезегінде отандастарының бизнес-жоспарларын жүзеге асыруға және Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау танытуға дайындығын жеткізді. 

Кейін қарай