
15 Желтоқсан, 2017
1642
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
«Парасат» орденімен «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі Розакұл Халмұрадов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артуш Карапетян, Қоғам қайраткері, «Ақмола-Бетон» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы Рымбек Жүнісов марапатталды.
ІІ дәрежелі «Достық» ордені «Оңтүстік Қазақстан облыстық грузин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Заал Бочоришвилиге тапсырылды.
«Құрмет» орденімен «Қазақстан әзірбайжандарының қауымдастығы Солтүстік аймақ және Астана қаласы бойынша» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Фаиг Махмудов , Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Дамир Султанов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің оқытушысы Виталий Симаков , Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласындағы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлсім Дүкенова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі Баспасөз хатшылығының меңгерушісі Қымбат Досжан марапатталды.
ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалі Ақмола облысының «Зама» шешен-ингуш мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Дин-Магомед Асаев, «Дуслык» татар мәдени-ағарту орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Яннат Низамутдиноваға тапсырылды.
ҚХА-ның Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары «Арарат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гачик Григорян, Ақмола облысының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев, «Сакина-KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Хусей Суровқа тапсырылды.
Кездесу соңында Дархан Мыңбай қатысушылардың барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, Отан игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды