Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2017

1574

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚХА мүшелерінеэтномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.   

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. 

«Парасат» орденімен  «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі Розакұл Халмұрадов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артуш Карапетян, Қоғам қайраткері, «Ақмола-Бетон» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы Рымбек Жүнісов  марапатталды.

ІІ дәрежелі «Достық» ордені   «Оңтүстік Қазақстан облыстық грузин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы  Заал Бочоришвилиге тапсырылды. 

«Құрмет» орденімен «Қазақстан әзірбайжандарының қауымдастығы Солтүстік аймақ және Астана қаласы бойынша» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Фаиг Махмудов , Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Дамир Султанов  марапатталды. 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің оқытушысы Виталий Симаков , Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласындағы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлсім Дүкенова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі Баспасөз хатшылығының меңгерушісі Қымбат Досжан  марапатталды.

ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалі  Ақмола облысының «Зама» шешен-ингуш мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары  Дин-Магомед Асаев, «Дуслык» татар мәдени-ағарту орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Яннат Низамутдиноваға  тапсырылды. 

ҚХА-ның Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары «Арарат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гачик Григорян, Ақмола облысының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев, «Сакина-KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Хусей Суровқа тапсырылды. 

Кездесу соңында Дархан Мыңбай  қатысушылардың барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, Отан игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі. 

 

Кейін қарай