Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2016

842

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘРТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ ІС-ШАРАЛАР ТОПТАМАСЫ БАСТАЛДЫ

2016 жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасы бастау алды.  

Кездесудің мақсаты – ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен қасиетті Тәуелсіздік арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстарын насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарын таныстыру және талқылау, «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерілету, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту.

Маңызды кеңеске жиналған қонақтарды әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасымен Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Ж.І. Қуанышев таныстырды. Кездесуді жүргізген  Ж.І. Қуанышев тұсаукесері өтетін іс-шаралар топтамасы Елбасы кітапханасының серіктестерімен, соның ішінде «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының БҒМ, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және басқалармен бірлесіп әзірленгенін атап өтті.

Бұл іс-шаралар топтамасының ерекшелігі – ауқымдылығында және әртүрлілігінде. Ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ, жастар бірлестіктері, ғылыми орталықтар қатысатын 60 астам іс-шараны өткізу жоспарланған. Тұсаукесер барысында серіктес-ұйымдардың жобалары ұсынылды.  

«Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.П. Калашникова Елбасы кітапханасы алаңында бірлескен жобаларды іске асыратын қатысушыларды құттықтай келе зияткерлік, шығармашыл және ғылыми әлеуеті бірлескен бастама ел бірлігіне қомақты нәтиже мен табыс әкелетіндігіне сенім білдірді.  

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Әбдірәсілов презентациясы ұсынылған іс-шаралардың терең мәні мен мазмұнын баса атап өтті. Ол талантты жастарды анықтай отырып, оларды қазақстандық қоғамның үздік дәстүрлеріне үйретеміз, бүгінгі таңда жекелеген іс-шаралар, соның ішінде өңірлерде де  жастардың басым бөлігін қамтитын ауқымды жобаларға айналуда және осындай жобаларды мектеп қабырғасынан бастау өте маңызды, деді.

«Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебінің директоры Ж.Қ. Буканова қатысушыларды ынтымақтастық аясындағы жобаларды іске асыру аспектілерімен таныстырды. Ж.Буканова:

– Осы іс-шаралар топтамасы контексіндегі біздің жұмыс екі бағытта жүзеге асады. Бұл бағыттар: «Партия құрылымының негіздері: теория мен практика» атты оқу құралын дайындау және «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдары басшылары мен лекторлар пулына арналған семинар-тренингтер өткізу. Жоба бойынша серіктестер – жұмыс тәжірибесі зор, өте мықты ұйымдар. Олардың көшбасшыларымен қарым-қатынаста болудың өзі жастар үшін үлкен саяси және азаматтылық мектебі болады деген ойдамын, – деді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының төрағасы   К.Н. Шәмшидинова: «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың мәні ерекше. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Елбасы кітапханасы базасында өтетін іс-шараларға белсенді қатысады, біздің оқушылар көрмелер жұмысымен танысады және өздерінің ғылыми-білім беру қызметтері үшін Кітапхана әлеуетін пайдалана алады».  

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясы иегерлері қауымдастығы» ҚБ-ның атқарушы директоры        Е.Н. Мақаш ынтымақтастық аясындағы өз жоспарларымен бөлісті: ««Болашақ» қауымдастығы 15 жыл бойы бағдарлама түлектерін біріктіріп келеді. Біз Кітапхана базасында жастардың шығармашыл зиялы қауыммен үлкен кездесулерін өткізгіміз келеді. Біз аға буыннан жақсы құндылықтар мен білім алғымыз келеді. Сондай-ақ, біз мектеп оқушылары мен ЖОО-лардың студенттері үшін «Болашақ» бағдарламасының үздік түлектерімен кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі презентацияда жұмысты жүйелі орындау жолдары мен нақты жоспарлары таныстырылды. Біз серіктестермен жемісті жұмыс жасаймыз деген ойдамыз» деді.

Қазақстан Скауттар қозғалысы ұйымының Президенті И.З. Катенов қатысушыларға өз ұсынысын айтты:

– Барлық әріптестерімді біздің іс-шараларға қатысуға шақырамын, біз сіздердің іс-шараларыңызға қатысуға дайынбыз. Мен «НЗМ» ДББҰ мұғалімдер арасында өткізетін конкурстың ашық болуына, яғни оған барлық ниет білдіргендердің қатысуын қалаймын. Біздің алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр, сол себепті баршаңызға табыс пен сәттілік тілеймін, – деді.

Іс-шараға сарапшы ретінде Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Бас редакторлар клубы» ҚБ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Жастар» ҒЗО ЖШС, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТҰ, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚҰ және өзге де ұйымдар өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, келелі кеңес жұмысына Елбасы кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойысқан ұйымдар мен орталықтар басшылары, қазақстандық БАҚ басшылары, «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарға тәрбие беру орталығының Үйлестіру кеңесінің мүшелері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

color:#1E1E1E">

   

color:#1E1E1E">   

Презентация директора РГУ "Қоғамдық келісім" при Президенте РК

color:#1E1E1E">Источник: http://presidentlibrary.kz/?p=6804

Кейін қарай