01 Наурыз, 2025
108
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
Құрметті Ассамблея мүшелері!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!
Ассамблея жылдар бойы халқымыздың ырысты ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылды.
Парламентте өкілдері бар Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналды. Ұйым мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елге қажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр,Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді.
Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру,отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады.
Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаужәне жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін аянбай еңбек етебересіздер деп сенемін.
Жетістіктеріңіз көп болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
11 Сәуір, 10:32
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
9 Сәуір, 18:35
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
8 Сәуір, 09:14
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
9 Сәуір, 18:40
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
9 Сәуір, 18:32
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті