15 Желтоқсан, 2014
3211
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды!
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды!
Бұл күн жаңа егеменді Қазақстанның құрылғанын, қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманының – өз тағдыры мен тарихын дербес анықтауға қол жеткізгенін айшықтайды.
Бұл күні біздің халқымыз елдің азаттығы жолында жанқиярлықпен күрескен бабаларымызға бас иіп, Отанымыздың бостандығы үшін күрескен - ұлттық батырларымызға, қазақ даласының ұлы ұлдары мен қыздарына тағзым етеді.
Бұл елді біріктіретін, біздің Ұлттық Рухымызды асқақтататын және – Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрлерін қалыптастыратын, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын бейнелейтін Ұлы мереке – халықтың күш қуаты мен шалқар шабытының қайнар көзі.
Бүгінде Қазақстан барша әлемге танымал және Бейбітшілік, Прогресс және өз халқының Гүлденуіне бағытталған таңдау жасаған, ядролық қарудан бас тартқан және этносаралық, конфессияаралық толеранттылықтың бірегей үлгісін қалыптастырған, бейбітшіл ел ретінде мойындалған.
Сондықтан да Мемлекет басшысы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Бұл Келісім, Бірлік, Тұрақтылық үлгісін барша әлемге паш ету. Бұл біздің тарихымызды – Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ұлықтаймыз.
Бүгінде біздің еліміз, Мемлекеттік Туымыз бен Мемлекеттік Әнұранымыз барша әлемге танылған. Біздің мақтан тұтатын қабырғалы еліміз, дамыған мемлекетіміз бар. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің, біздің халқымыздың жарқын ниеті мен қолдауының арқасында жеткен биік белес!
Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілейміз.
Ұлы мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйласын!
Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы