03 Ақпан, 2020
1930
Қазақстан театрларында түркітілдес халықтардың шығармалары сахналанады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев Әзірбайжан Республикасында 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында болған жұмыс сапарында Түркі мәдениеті және мұралары Қорының президенті Гүнай Эфендиевамен кездесіп, екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы жаңа келісімдерге келді.
«Өзіңіз білетіндей, 2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжанның Нахичевань қаласында өткен түркітілді мемлекет басшыларының ІХ саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемін зерттеу мақсатында ғылыми орталық құру туралы ұсыныс берген болатын. Ал 2010 жылдың 25 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Халықаралық түркі академиясында тарих, этнология, тіл, әдебиет, терминология, өнер, мәдениет, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бағытында 5 зерттеу орталықтары жұмыс жасайды. Бұл орталықтар түркі әлемінің түрлі мәселелерін, мәдениетін, тарихын, экономикасы мен интеграциясын зерттеуге арналған», - деген Жансейіт Қансейітұлы Қазақстанның түркі әлемінің интеграциясына қосқан үлесі туралы баяндады.
Айта кету керек, бүгінде Халықаралық Түркі академиясында құрылтайшы-елдер мен түркі әлемінің ғалымдары еңбек етуде. Академия көптеген халықаралық жобаларды жүзеге асырды. Соның арқасында заманауи түркі әлемі, тарихы, мәдениеті, өнері, түркі халықтарының болашағы тақырыптарында 50-ден астам ғылыми кітаптар жарық көрді. Сондай-ақ, академия жанынан «Алтаистика және түркология», «GLOBAL-Тurk» журналдары тұрақты шығып отырады.
Түркі мәдениеті және мұралары Қорының президенті Гүнай Эфендиева екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс аясында түркітілдес елдердің шығармаларын Қазақстан театрларында сахналау, көрсетілімдерін ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.
Жансейіт Қансейітұлы өз кезегінде бұл ұсынысты қолдауға дайын екенін айтты. Және тараптар Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына байланысты екіжақты бірлескен халықаралық мәдени шаралар ұйымдастыру туралы уағдаласты.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Баку Мемлекеттік университетінде болып, университет қабырғасында ашылған Абай Құнанбайұлы атындағы Қазақ орталығының жұмысымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шымкент қаласы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
17 Маусым, 22:45