09 Қазан, 2019
2799
Қазақстан-Өзбекстан: елдер достығы берік байланыстың кепілі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық архивтің оқу залында «Қазақстан-Өзбекстан: мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бауырлас екі елдің ортақ тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын дәріптеген аталмыш шараның ұйымдастырылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің қолдауымен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, елордалық өзбек этномәдени орталығы мұрындық болды.
Дөңгелек үстел үстінде бас қосқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының кеңесшісі, арабтанушы С.Батырашұлы, мемлекет тарихы институты директорының орынбасары А.Қашқымбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов, Өзбекстанның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы О.Маннопова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, жазушы Несіпбек Айтұлы екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихи негізі, мәдениет, әдебиет саласындағы рухани үндестік, Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, қазақстандық делегацияның «Архив-2025» бағдарламасы аясында Өзбекстанға жасаған жұмыс сапарының қорытындысы жария етілді.
Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік мемлекеттермен ұлтаралық қатынас және достық байланыс Комитеті арасында өткен жылы қол жеткізілген меморандумға сәйкес, қазақстандық делегация Ташкент қаласында болып, Өзбекстан мұрағаттарында сақталған Қазақстан тарихына қатысы бар көне қолжазбалар мен кітаптардың көшірмелерін алу туралы келісімге келген болатын. Бүгінде Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес Абу Райхан Беруни атындағы шығыстану институты және Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы арасындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу меморандумының негізінде Қазақстан тарихына қатысы бар деректерді анықтап, зерделеуден өткізуде.
Делегация құрамында болған ҚХА Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов бұл жұмыстардың нәтижесі Қазақстанның ұлттық тарихи қорына қосылатын елеулі үлес болады дейді. Шерзод Пулатов екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысының кеңейе түсуі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, елордалық өзбек этносының өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырды.
Өзбектің көрнекті қаламгері Әлішер Науаи туындыларын тәржімалаушы белгілі қайраткер Несіпбек Айтұлы жуырда Ә.Науаидың жыр-жақұттарының қазақ тіліндегі нұсқасы жарыққа шығатынын айтты. Екі ел арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығына Өзбекстан Елшілігінің өкілі Ойдин Маннопова да тоқталып өтті.
Нұргүл Қалиева
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
21 Наурыз, 13:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз, 13:01
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
вчера, 17:00