Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Мамыр, 2020

5202

Қазақстанда этносаралық қатынастарды дамытумен айналысатын бөлек комитет құрылады

Ал бұған дейін жасап келген «Дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.

Елімізде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірде қабылдаған қаулысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылсын. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын, - делінген adilet.zan.kz-те.

Қаулыға Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Кейін қарай