07 Шілде, 2019
4944
ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
Бүгін елімізде екінші рет Ұлттық домбыра күні мерекесі аталып өтуде. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен былтыр ұйымдастырылған «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы бүгін де дәстүрге айналып отыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан еліміздегі бұл акция төл мәдениет пен салт-дәстүрлерімізді одан әрі дамытуға өз септігін тигізе бермек, әрі «Қазақтану» жобасын танытуға әсері мол.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, Аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктер қаладағы №2 және №3 перинатальды орталықта болып, дәл осы айтулы күннің алғашқы дүниеге келген нәрестелеріне ҚХА және елорданың логотипі бейнеленген қасиетті домбыраны сыйға тарту етті.
Іс-шара барысында ана мен баланы құттықтап, ақ тілектерін арнап, сәбилерге қазақтың атын әлемге танытатын талант иесі болсын деп тілек айтты.
Бүгін босанған батыр аналар Әйгерім Тілеуова және Қымбат Нұрахметова Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыстарын білдіре отырып, сәбилері келешекте домбыраның құлағында ойнайтын талант иелері болады деген үміттерін білдірді.Қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова: «Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен перзентханаларға барып, бұл күні алғашқы туған перзенттерге домбыраны сыйға тарту етеміз. Болашақта осы балалар еліміздің нағыз азаматтары болып өссін», — деген тілегін білдірді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 12 маусымындағы Жарлығына сәйкес шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті