30 Қазан, 2017
1463
Қазақстандағы беларусь халқының мәдениеті күні
Қазақстан Республикасы – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көп этносты мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында кез келген ұлт өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің тілі, салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуға құқылы. Өзге ұлттардың мәдениетін құрметтей отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігіне ие.
Бүгінде әр ұлт төл мәдениетін сақтап, оны өзге халықтарға танытып жүр. Солардың бірі – беларусь халқы.
Ағымдағы жылдың 21 қазаны күні Маңғыстау туризм колледжінде облыстық беларусь этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, Қазақстандағы беларусь халқының мәдениеті күні аталып өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, этномәдени бірлестіктер өкілдері және ұстаздар мен студенттер қатысты.
Мерекелік бағдарламада беларусь халқының ұлттық әндері шырқалып, билері орындалды. Ұлттық аспаптарында әуендер ойналды. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары дәріптелді. Қонақтар беларусь халқының ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Беларусь этномәдени бірлестігінің төрайымы Гусейнова Галина Александровна: «Бір шаңырақ астында бір отбасы секілді бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру – Н.Ә. Назарбаевтай Елбасы көш бастаған көпұлтты мемлекетіміздің саясаты», - дейді.
Дата события ассамблеи: 30.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы