26 Наурыз, 2023
80
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
Бүгін елорда төрінде Қазақстандағы тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара өткізді.
Орталық арнайы киіз үй орнатып, ішін қолөнер көрмелерімен безендірді. Сонымен қатар мерекеге орай екі қой мен сиырды арнайы құрбан шалып, қазандарда наурыз көже мен палау, сорпа пісіріп, мерекелік дастархан дайындалып, барлық қатысушылар мен қонақтарға тегін үлестірді.
«Тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз дәріптелер бұл мейрамды халқымыз қашанда ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Ұлтымыздың Ұлы мейрамы ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы екендігі баршамызға аян. Ел халқының ырыс-ынтымағымен іргесі сөгілмес бірлігінің арқасында дәстүрлі мерекемізді дәріптей отырып, бүгін қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы орталығымыздың атынан киіз үй тігіп, мал шалып, қазан-қазан палау пісіріп, дастарханнан дәм татқызудамыз. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болып, жыл басы баршаңызға ырыс-несібе, құт-береке, мол табыс әкелсін. Шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, жанұяларыңызға жылылық сыйласын.», - деп атап өтті орталық төрағасы Акбаржан Исмаилов өз құттықтауында.
Айта кетейік, этносаралық келісімді нығайтуға елордалық этномәдени орталық өкілдері де қомақты үлес қосуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті
-
Балалар арасындағы «Жан DoStar» IV Республикалық өнер фестивалі
-
«Аяла» орталығында игі іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары және ШЫҰ халықтық дипломатия орталығының директоры екіжақты ынтымақтастықтың тиімді аспектілерін талқылады
-
Елордалық Достық үйінде Наурыз мейрамын атап өтті
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
25 Мамыр, 18:26
ҰЙҒЫР БІРЛЕСТІГІ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНІҢ ДЕКАДАСЫН БАСТАДЫ
сегодня, 14:42
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
24 Мамыр, 19:29
«Наири» Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы болып Наринэ Микаелян сайланды
29 Мамыр, 18:20
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
26 Мамыр, 20:15
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды