21 Қыркүйек, 2017
773
Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету
2017 жылғы 20 қыркүйек күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар болып өтті.
Семинарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатуллаұлы құттықтау сөзімен ашып берді.
Семинардың мақсаты – «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинарды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сі.
Саминарға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, дін істері басқармасының басшылары, облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтардың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық және аудандық ҚХА жанындағы аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты, ҚХА жанындағы кафедра оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту, рухани жаңғыру, жастар саясаты мен білім беру, діни қауіпсіздік, көші-қон мәселелері қарастырылды.
Семинарда дәріскерлер К.М. Қазкенов «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы қоғамдық сананы жаңғыртудың басты бағыттары» тақырыбында; Қ.Ғ.Дәркенов «Қоғамдық сананың жаңғыруы: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту» тақырыбында; Т.Ж.Жақиянов «Орталық Азиядағы этноәлеуметтік үрдістер және оның Қазақстанға әсері» және «ҚР этносаралық және конфессияаралық ахуал» тақырыптарында лекциялар оқыды.
Дата события ассамблеи: 21.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті