05 Маусым, 2019
3160
Қазақстанның аймақтарында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні түрлі шаралармен аталып өтті
Қазақстанның аймақтарында облыстық Ассамблеялар ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырып өткізді.
Мысалға, Петропавл тұрғындарына конверттен үш сұрақ тартуды ұсынды. Әрбір дұрыс жауап үшін оларға тәтті сыйлықтар мен ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы негізгі ақпараты бар жадынама табыс етілді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, акцияға қатысушылар өз білімдерін жаңартудың жақсы сәті түскеніне дән ризашылықтарын білдірді. Әнұранның авторларын кез-келген оқушы атай алатындай сияқты, бірақ кейбір асығыс өтіп бара жатқан адамдардың аңдаусызда үстінен түскен сәтінде оның мәтінін бәрі жатқа білетінін аңғардық, бірақ авторларын көпке дейін естеріне түсіре алмағандары да болды. Біреулері Ту мен Елтаңбадағы түстер мен бейнелер нені бейнелейтінін оңай жауап берсе, басқалары дұрыс жауап бермесе де, пайдалы ақпаратты білуге разылықтарын білдірді.
Ал Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты форум өтті.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде сахнаға Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Форумда Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтау сөз сөйлеп, қаланың кәмелетке толған жастарына жеке куәліктерін табыс етті. Бірнеше мемлекеттік қызметке қабылданған жастар елге адал қызмет етуге ант берді.
Форум Талдықорған қаласының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ал Алматыда қалалық ҚХА жастары Мемлекеттік рәміздер күнін акциямен атап өтті.
Іс-шараға Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, Алматы қалалық «Жарасым» РЖҚ мүшелері, Еріктілер лигасының мүшелері, Smart-мектебі және белсенді жастар қатысты.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясы оркестрімен еліміздің Мемлекттік Әнұрыны орындалды.
Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, «Ирныхас» Осетин этномәдени бірлестігінің төрғасы Казбек Мамсуров құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, «Қазақстан» «Қазағым» әнімен, «Бәріміз қазақпыз» әндері мерекенің сәнін кіргізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті