Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Ақпан, 2020

1388

Қазақстанның іскер достар Клубы Ресейдің Орынборында да пайда болуы мүмкін

Қазақстанның іскер достар Клубы Орынбор облысында да пайда болуы мүмкін. Мұндай ұсыныс Орынбор қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел отырысында айтылды.


«Біз жақын серіктестерміз – Ресейдің шекаралас облыстарымен жұмыс істейміз. Мысалы, Саратов қаласында Қазақстанның іскер достар Клубы құрылып, ойдағыдай істеуде. Осыған ұқсас клубты Орынбор әріптестерімізбен де құрғымыз келеді», — дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

Клуб жұмысында әр түрлі инвестициялық идеяларды, сауда ынтымақтастығын талқылау және нақты жобаларда қолдау көрсету үшін өңірлер басшылығына шығу ұсынылады.


«Этно-мәдени саладағы мемлекеттік-қоғамдық өзара іс-қимыл үлгілері» атты халықаралық дөңгелек үстел «Еуразия халықтарының достастығы», Ресей халықтары Ассамблеясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Оралының тарихы мен этнографиясы ұйымдастырды.

Екі елдің туыстық Ассамблеясы арасындағы басты айырмашылық – Қазақстанда бұл кең қаржыландырумен және ведомстволық бағынысты мекемелер желісі бар мемлекеттік институт болса, Ресейде – қоғамдық бірлестік, оған мемлекеттік-қоғамдық мәртебе бере алатын РФ Президенті Жарлығының жобасы әзірленуде.


Орынбор облысы өңірлік және ақпараттық саясат Министрінің орынбасары Евгени Ивлеваның айтуынша, Ресей халықтарының Ассамблеясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты ұлтаралық ұйымдардың қызметі, олардың өңірлік бөлімшелері халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқарады. Ресей және Қазақстан социумында ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, кездесуде Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова екі ұйымның арасындағы өзара іс-қимыл туралы қол қойылған меморандум шеңберінде тікелей ынтымақтастық жолдарын да атап өтті. Ол 2020 жылы Ресей мен Қазақстан халықтарының достық үйлерінің тоғысқан жылын өткізу туралы бастаманы ұсынды. Сонымен қатар Ресейдегі ұлттық мәдениеттерді сақтау үшін «Ресей халықтар үйі» мемлекеттік бюджеттік мекемесін құру жоспарланғанын еске салды.


Кейін қарай