22 Қазан, 2020
668
«Қазақ тілін үйретудің Ақтаулық үлгісін ұсынамын»
"Ұлы даланың ұлтаралық тілі" форумы республикалық деңгейде үшінші рет өтуде. Алдыңғы форумдарда қазақ тілін Қазақстандағы ұлтаралық қатынас тілі құралына айналдырудың көптеген қызықты тәсілдері ұсынылған болатын.
Мен, мысалы, Маңғыстау облысының тәжірибесімен бөлістім. Алдыңғы форум онлайн режимде өтті және көптеген адамдар оны көрмеген болуы мүмкін, сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, мен өз ұсынысымды тағы бір рет еске салғым келеді.
Маңғыстауда орыс тілін жетік меңгерген қазақ басқа этнос өкілін көрген бетте әңгімені алдымен қазақ тілінде бастайды. Өзге ұлт өкілі орысша жауап бергеннің өзінде де, қазақ тілін түсінеді деген сөз. Сол себепті менің жерлестерім әңгімені әрі қарай қазақша жалғастырады. Осылайша ол өзге этнос өкіліне қазақ тілін үйренуге түрткі болады.
Біз, қазақ халқы және өзге этнос өкілдері, мемлекеттік тілді үйренгісі келетін жандарға осылай көмектесуіміз керек. Олармен қазақша сөйлесейік! Бұл олардың тіл үйренуге зор ынтасын тудырады деп сенемін.
Егер біз керісінше, толеранттылық деген сылтаумен өзге этнос өкілдерімен орыс тілінде сөйлесетін болсақ, олардың кейбіреулері қазақ тілін үйренуге тырыспайды да, өйткені олар үшін бұл өте ыңғайлы.
Жалпы, мен мемлекеттік тіл туралы неғұрлым көп ойланған сайын, қазақ тілін енді ұлтаралық қатынас үшін ғана емес, Отан алдындағы парызыңды ұғыну үшін білу керек деген ойдамын. Бұл бізді өсіріп-өндірген туған жерге деген құрмет!
Әрине, әр адамның өмірінде түрлі жағдайлар болады, біреу орыс мектебінде оқыса, енді біреу қазақ тілін білмейтін ортада өскен болуы мүмкін. Дегенмен, бүгінгі күні қазақ тілін үйренгісі келетін адам үшін барлық жағдай жасалған. Егер адам Қазақстанда өмір сүргенімен, қазақ тілін үйрене алмаймын десе, онда ол мұны шын ниетімен қаламайды!
Мен өзім қазақ тілін 25 жасымда ғана үйрене бастадым. Егер мен қазақ тілін үйреніп алсам, онда кез-келген адам да меңгере алады деген сөз.
Біз бір қарапайым нәрсені түсінуіміз керек, залда әр түрлі ұлт өкілдері отыр: қазақтар, қырғыздар, орыстар, украиндар, шешендер, ингуштар және т. б. Біз көппіз, біз әр түрліміз, бірақ бәріміз -бір халықпыз! Біз -Қазақстан халқымыз! Менің ойымша, біздің бір-бірімізбен сөйлесетін тіліміз қазақ тілі болуы керек! Осы жер үшін болған шайқастарда қанын төккен, жанын берген батырлар қазақ тілінде сөйледі! Біздің жеріміздің мәдениетін дәріптеген және шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерде де танылған ұлы Абай қазақша сөйледі және ойлады! Біз де бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлесуіміз керек!
Біз - бір халықпыз! Болашағымыз бір! Тіліміз де бір болуы тиіс!
Жамалаил Элимханов,
«Емир-Ойл» ЖШС директоры, Ақтау қаласы (шешен)
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА білім беру бағдарламасының қатысушылары «Қазақ газеттері» жұмысымен танысты
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА білім беру бағдарламасының қатысушылары «Қазақ газеттері» жұмысымен танысты
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды