28 Наурыз, 2025
319
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
2025 жылғы 28 наурызда Астана қаласының Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚХА Төрағасының орынбасарлары Лугмар Буларов пен Юрий Шин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және т. б. қатысты.
Отырыс барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктеріне, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы ҚХА қоғамдық құрылымдарының рөліне назар аударды. Сондай-ақ, ҚХА кеңесінің мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Кеңес жұмысы барысында Евгений Кочетов Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын Мәдениет және ақпарат министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың орындауы туралы баяндады.
Өз кезегінде ҚХА Төрағасының орынбасарлары Лугмар Буларов пен Юрий Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасарлары ретінде атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Сонымен бірге, Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Кеңесінің жаңартылған құрамын қарастырып, ҚХА Аналар кеңесінің Үлгілік ережесін бекітті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:40
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді