20 Қыркүйек, 2018
1285
Бүгін Қазақстан бойынша 300 мың адам қазақ тілінен диктант жазды
Бүгін М. Нәрікбаев атындағы гуманитарлық Заң университетінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана — бейбітшілік бесігі» тақырыбында қазақ тіліндегі жалпықазақстандық диктант өтті.
Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Заң Университеті бірігіп өткізуде.
Диктант жазуға 30 минут уақыт беріліп, мәтінді ҚР жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ілеспе-аудармашы Камал Әлпейісова мен М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің аға оқытушысы Гүлмира Мәуленова оқыды.
Қазақстан бойынша жалпықазақстандық диктантқа 300 мың адам қатысты.
«Ақыл азбайды, білім тозбайды демекші, диктантты, біріншіден, сауат ашу, екіншіден, тіл мәрбетесін арттыру, үшіншіден, салт-дәстүрді дәріптеу үшін өткізіп отырмыз. Бұл дәстүр жалғасын таба береді», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.
«2016 жылдан бастау алған диктант дәстүрлі түрде біздің ғимаратта өтіп келеді. Биыл бұл шара екінші рет ұйымдастырылып отыр. Кез келген мемлекеттің өз құндылығы болады. Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілді құрметтеуі арқылы өзара құндылығы қалыптасады», — деді Университет проректоры Арман Пирзадаев.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай: «Шараның ерекшелігі - жалпы Қазақстан бойынша өтіп жатыр. Тіл мен дінге бөлінбей, Қазақстандағы этностардың барлығы қатысып отыр. Елбасының 2020 жылға дейін 95 пайыз халық қазақша сөйлеуі керек деп айтқан. Сол мақсатқа жетеміз деп сенім білдіремін», — деді.
2010 жылы Үкімет тілдерді қолдану мен дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Құжатқа сәйкес 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кемінде 95 пайызға жетеді. Бұл ретте, ең бастысы, мемлекеттік тілді өскелең ұрпақ біледі, ал бұл елдің болашағы.
Аталмыш шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатары, мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялар және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, магистаранттар мен студенттер қатысты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 20.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59