Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Мамыр, 2016

1190

Бүкіл әлем - азаматтық бейбітшілік пен келісім үшін

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ конференция залында, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Азаматтық бейбітшілік пен келісім – Қазақстан Республикасында саяси-әлеуметтік реформаларды табысты енгізудің басты шарты» атты мазмұнды форум өткізді. Оған мемлекеттік қызметкерлер, жоғары оқу орындары мен колледждердің ұстаздары, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымының өкілдері қатысты.

Конференция модераторы, Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы, ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметқали Сарыбеков жиналғандарды форум тақырыбын айқындайтын жеті баяндамамен таныстырып өтті.

«Мәңгілік Ел идеясы және оның еліміз үшін стратегиялық маңызы» атты баяндамасында ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, ТарМУ философия и саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов ҚХА ХХІУ сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясының қазақстандықтар үшін идеялық және саяси платформасының қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтті.

«Мәдени диалогты нығайту және қазақстандық қоғамды топтастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлін арттыру» тақырыбында аймақтық ҚХА, қазіргі уақытта ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Дуниядар Абдуллаев баяндама жасап өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар «Жамбыл облысындағы полиэтникалық мәселелерді зерттеудің өзектілігі» тақырыбында «Дулатитану» орталығының басшысы, ТарМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Сейтқұлованың, «Укрепление гражданской идентичности и культура мира, как главные факторы формирования патриотизма казахстанской молодежи» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты, ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары П.Мамедованың, «Реорганизация энергии хаоса в энергию создания РК» тақырыбында ТарМПИ «Философия және төзімділік» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Гульгина Гизатуллиналардың баяндамалары тыңдалды.

Конференция жұмысының соңында қатысушылар тиісті ұсыныстар қабылдады.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы  

Кейін қарай