10 Ақпан, 2016
1192
Бұл - әрі демалыс, әрі спорт!
Өткен сенбі күні Достық үйінде «Нарды» ұлттық ойынынан турнир өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы - «Ватан» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Логика мен сезгіштік жарысына Павлодар облысы әзербайжан ЭМБ-нің жастары мен белсенділері қатысты.
Аталмыш жарыс Павлодардың атақты тумасы, облысымызда спортты дамытуға елеулі үлес қосқан Ибрагимов Маис Исмаиловичке арналды. Маис Исмаилович павлодарлық баскетболдың дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосқан азамат. Ол көп уақыт «Иртыш-ПНХЗ» командасының басшысы лауазымында жұмыс атқарды. Оның әріптестері мен достары «Бұл өз ісінің нағыз шебері болды» – деуші еді.
Жарыс нәтижесі бойынша қызықты да тартысты ойын көрсеткен Ибрагимов Ровшанның жолы болды. Бабаев Фарман және Мамедов Назим екінші және үшінші орын иегерлері атанды.
Әлемнің барлық құрлықтарында кеңінен таралған ойындардың бірі – осы нарды. Оны Батыста бэкгэммон, немесе триктрак деп те атайды. Бұл - адам ойлап тапқан ең демократиялық ойындардың бірі. Нардыны әр түрлі жастағы адамдар қызығушылықпен ойнайды. Бастапқыда ойыншыларда бірдей мүмкіндік болғанымен, кейін есепті, логиканы, сезгіштікті, тәуекелге бара білуді және аздаған сәттілікті талап ететін динамикалық тартысты ойын болып табылады.
Ойын біздің өмірімізге ұқсас! Және жарыс ұйымдастырушылары оны жақсы біледі.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Нәзигүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
-
МЕРКІДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
-
Музыка бәрін байланыстырды
-
Атырауда «Sport unites» атты жастар арасындағы спорттық фестиваль өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады