Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Шілде, 2020

645

БҚО: 13-ші қайырымдылық керуені жолға шықты

Бүгін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінен 13-ші қайырымдылық керуенінің жолға шығуы Құрбан айт мерекесіне тұспа-тұс келді.

Құрбан айт – барша мұсылмандардың аса қасиетті мерекесі, бұл-Алла Тағалаға ерекше алғыс айту, құрбандық шалу, қайырымдылық, бауырластық, достық, бейбітшілік пен келісім күні. Керуеннің 13-ші кезеңінде қаладағы 22 аз қамтылған отбасы қамтылды. Бұл қайырымдылық акцияның ерекшелігі –еріктілер отбасы мүшелерінің санына байланысты азық-түлік себеттерін жинады. Алдыңғы "Керуендер" сияқты әлеуметтік пакеттердің құрамына күріш, қант, жарма, бұршақ, сұлы майы және тағы басқа азық-түліктер кірді. Азық-түлік себеттерінен бөлек, БҚО ҚХА еріктілері қаражат жинап, құрбандыққа шалынатын түлік сатып алып, 40 отбасына бөліп, таратты.


– Құрбан айт-ізгілік пен қайырымдылық мерекесі. Осы айтулы күндері жүрегінде сенімі бар әрбір адам игі істер жасауға, айналасындағыларға қуаныш сыйлауға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге тырысады. Еліміздің және халқымыздың әл-ауқаты, Қазақстанның дамуы мен гүлденуі- бәріміздің ортақ тілегіміз деп ойлаймын. Сондықтан, осы үш күннің ішінде осы игі істердің бәрін жасауымыз керек деп есептеймін. Біздің еліміз өркендей берсін, достық пен тыныштық орнасын, – деді БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов.


Кейін қарай