Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Маусым, 2024

137

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы өтті

Оралдағы Достық үйінде «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясының отырысы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиев төрағалық етті.

Басқосуға БҚО ҚХА Ақсақалдар Кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, БҚО қоғамдық медиаторлар кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.


Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс басшысы Нариман Төреғалиев сессияның күн тәртібін, мақсаты мен міндеттерін таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сессия отырысының аясында «Қоғамдық келісім» КММ және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен тұрақты түрде тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген, сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезінде Ассамблеяның қызметін және «Ассамблея жастарының» бастамасымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған қабылдау пунктіндегі еріктілердің тынымсыз еңбегін халыққа уақтылы жеткізу үшін белсенді атсалысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.


Ақшалай сертификаттар «Egemen Qazaqstan» желілік басылымының БҚО-дағы меншікті тілшісі Қазыбек Құттымұратұлына, «Казахстанская правда» желілік басылымының БҚО-дағы меншікті тілшісі Наталья Портнягинаға, «AQJAIYQ» телеарнасының операторы Талғат Мұратбаевқа, «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат агенттігі бөлімінің арнайы тілшісі Жанат Қайырғожинаға, «TDK-42» телеарнасының видеооператоры Марлен Искалиевке берілді.


Кейін қарай