Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2020

1010

БҚО-да медбикелерге атаулы көмек көрсетілді

Республика бойынша мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айт қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы медицина қызметкерлерін құттықтауға арналған акция өткізді. БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары 30 медбикеге атаулы көмек көрсетті.

Орал тұрғындары үшін, COVID-19 инфекциясымен байланысты қиын кезеңде дәрігерлер бірінші болып көмекке келді. Бүгінгі таңда аталған облыста 7 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді.

– Біз, ассамблея өкілдері, бүгін COVID белгілері бар пациенттерімен тікелей айналысатын медициналық қызметкерлерге алғыс айту үшін акция өткізіп отырмыз. Арнайы тізім дайындап, оған 30 медбикені қостық», - деді БҚО әкімі аппаратының «Коғамдык келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Медхат Камбетов.


– Менің медициналық мамандармен тікелей қарым-қатынасым бар - 30 жыл бойы мен мемлекеттік медициналық колледжді басқардым, қазір жеке медициналық колледждің директорымын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің 90% -ы біздің фельдшерлер екені белгілі. Биыл пандемия кезеңінде біздің түлектердің тек 235-і дәрігер жұмысының не екенін бірден білді. Ассамблея әр медбикеге жеміс себетін тарту етеді», - деді Максот Берген.

Гуманитарлық көмек жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Максот Берген мемлекет және саяси қайраткер Иманғали Тасмағамбетов жіберген дәрі-дәрмектер, оның ішінде вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер, диуретиктер, экспекторлар облыс аудандарындағы 15 аурухана арасында таратылғанын айтты.

«Ислам дінінде ет жегенге дейін көкөністер мен жемістерді жеу керек деп айтады», - деп түсіндірді Данилбек Саратов, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігінің төрағасы. «Сондықтан біз бүгін 30 отбасына жеміс жиынтықтарын дайындадық. Олардың әрқайсысында мерекемен құттықтау және пандемиямен күресуге үлес қосқан отбасы мен достары үшін алғыс сөздер жазылған хат бар.

Кейін қарай