18 Маусым, 2020
715
БҚО: ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген on-line отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 17 маусым күні Достық үйінде БҚО ҚХА барлық деңгейдегі аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы онлайн форматында өтті.
Күн тәртібінде тұрған отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету аспектілері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, отбасылық құндылықтарды арттырудағы ананың рөлі қарастырылып талқыланды. Атап айтатын болсақ, Тасқала ауданы бойынша отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі cөз болып, Теректі ауданында төтенше жағдай кезінде зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткенінің басты себептері айтылды. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдер қауымына түсіндірілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алдағы уақытта аудан орталықтарында, зорлық көрген әйелдерді қолдайтын орталықтар ашылуы секілді көптеген мәселелер көтерілді.
Отбасындағы құндылықтарды арттырудағы әйелдер қауымының рөлі, отбасының өзіне тән ұстанатын қағидалары, ата-ананың махаббаты, адамгершілігі, рухани байланысы, отбасы құрылғаннан бастап, ұрпақтың ары мен иманы ананың тәрбиесінен берілетінін, ата-ананың өскелең ұрпақтың бойына жастайынан сіңірген тәрбиесінен бастау алатынын, үлгілі отбасы мемлекеттің тірегі екенін айтқан кеңес отырысының төрайымы Шалқыма Құрманалина қорытындылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар ескеріле отырып, аналар кеңесінің мүшелеріне және тиісті мемлекеттік органдарға алдағы уақытта жұмыстану тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті