
05 Наурыз, 2019
1441
БҚО ӘКІМІ АҚСАҚАЛДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Орал қаласының Достық үйінде Батыс-Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдің ардақты ақсақалдарымен кездесті.
Облыс ардагерлерін мерекемен құттықтаған өңір басшысы Алғыс айту күні тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің қазақ еліне ризалышығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа жария ететін күн екендігін атап өтті.
«Ассамблея күні Елбасының ұсынысымен Алғыс айту күні деп жарияланды. Себебі ол біздің ортақ тарихымызға деген үлкен құрмет көрсету. Қанша этностар тұрса да бұл жерде барлығы бір отбасының азаматтарындай еңбек етіп келеді. Бұл біздің ең басты құндылығымыз. Оны сақтап, асыл қасиеттерімізді қастерлеп, дәріптей білуіміз керек. Бүгін де бір шаңырақтың астында елдің дамуына баршамыз аянбай қызмет етудеміз. Сондықтан да осы мереке баршаңызға құтты болсын», – деді А. Көлгінов.
Сондай-ақ, басқосуда сөз алған облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауданнан келген ақсақалдар шынайы ықылас-тілектерін айтып, сан ұлттың басын қосып, алға бастап келе жатқан Елбасы саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
«Бір-біріне алғыс айтуды ұмытпай, тұтастығын бағалай білген ұлттың ұлылығы шексіз. Барлық ұлт пен ұлысқа даладай кең құшағын жайған қазақ халқына алғысымыз зор. Қазақ - ол кешегі жаудың бетін қайтарған Әбілқайыр хан, тек қазақ емес, күллі әлем мойындаған Шоқан Уалиханов, даналығы кеше мен бүгінге бағыт көрсеткен хәкім Абай, рейхстагтың төріне жеңіс туын тіккен арыстан жүрек Рахымжан.
Қазақ халқы - ол кең пейілдің, ақ жүректің иегері. Елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстардың қиын сәттерде біздің ата-бабаларымызға көмек қолын созған қазақ атты ұлы халыққа ризашылығы шексіз», - деді Ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Александр Ялфимов.
Кездесу соңында облыстық Ассамблея жұмысына, елдің тұтастығы мен татулығына өздерінің елеулі үлесін қосқан бір топ ардагер алғыс хаттармен марапатталды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДОСТЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ
БАТЫС ӨҢІРІНІҢ СЫЙЛЫ АЗАМАТЫ РАХМЕТОЛЛА СҮЙЕРБАЕВ – 80 ЖАСТА
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты