Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2019

2304

БҚО әкімі Сотқа дейінгі татуласу орталығының ашылу салтанатына қатысты

ҚР Жоғарғы Соты мен Батыс-Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ынтымақтастық туралы Меморандумын жүзеге асыру мақсатында Орал қаласында «Сотқа дейінгі татуласу орталығы» ашылды.


Оның ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, БҚО сотының төрағасы Бек Әметов, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, медиаторлар, билер Одағы, прокуратура өкілдері, адвокаттар, заңгерлер және сот орындаушылары қатысты.


Салтанатты шараны ашқан облыс басшысы өңірдегі дауларды азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.


Орталықта азаматтарға  келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері сияқты сан түрлі сотқа дейінгі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.


 Сонымен қатар бұл жерде өтініш берушілерге билердің, медиаторлар мен психологтардың, адвокаттардың, сот орындаушылардың көмегі көрсетілетін болады.


Кейін қарай