
10 Қыркүйек, 2023
360
Бұқпа баурайындағы «Сабантуй»
Жексенбі күні қаламыздың маңындағы Бұқпа баурайында Сабантуй мерекесі өткізілген алаң баннерлермен, түрлі-түсті жалаулармен безендіріліп, қонақтарды қарсы алды.
Мерекені ұйымдастырушы «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» әралуан, қызықты бағдарлама дайындады.
Түркі халықтарының ежелгі мерекесімен құттықтаулар айтылған ресми бөлімнен кейін жаппай мерекелер басталды.
Сахнада «Галия Бану» халықтық ансамблі мен облыстың әр түкпірінен келген көркемөнерпаздар өздерінің би билеп, қазақ, татар және басқа тілдерде ән шырқап, өнерлерін ортаға салды.
Әдемі безендірілген киіз үйлерде ұлттық тағамдар қойылып, келгендерге дәм ұсынылды.
Спорт алаңдарында ұлттық белбеу күресі, армрестлинг бойынша жарыстар, ат бәйгесі және т. б. ұйымдастырылды.
Жарыс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы, мерекенің лейтмотиві Қазақстан халқының достығы тақырыбы болды. Бүгінгі іс-шара барысында бірлік пен келісім бізді гүлденген мемлекет құруымыздың алғышарты екеніне тағы да көзіміз жетті.
Қоғамдық шаралардан кейін ат жарысы өтіп, мереке қонақтары 1700 метрлік жарыстың куәсі болып, осы бәйге жеңімпазымен әңгімелесті. Бәйге алған жылқы Державинскіде өсірілді.
Сонымен қатар, киіз үйде Ақмола облысы татарлары мен башқұрттарының қоғамдық бірлестігі ұлттық тағамдардан дастархан жайды.
Мерекеге ұлттық нақыштағы киіммен келген қонағы, бокстан әлем чемпионы Карина Ибрагимова ақмолалықтарға тілегін айтып, ауа райының жақсылығын, мерекелік көңіл-күйді атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:40
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді