15 Сәуір, 2021
492
Бала бақытынан асқан не бар?
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мұрындық болуымен «Ізгілік айы» қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Соның бірі бүгін Достық үйінде осал топтар, әлеуметтік жағдайы аз қамттылған, көп балалы және әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Қасиетті айдағы қайырлы іске Еуразиялық экономикалық одақ, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдау білдірді.
Балалардың жағдайына алаңдаған облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің өкілі Лола Давлатова жоғарыда аталған қайырымдылық ұйымдарына хабарласып көмек қолын созуды сұраған.
Акция аясында 44 балаға оқу-құралдары, жеке гигиенелық заттарға толы күнделікті мектепке және спорттық киімге арналған қос сөмкелер таратылды. Сонымен қатар, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы балалар мен ата-аналарының құжаттарының рәсімделуіне де өз көмектерін беретіндерін тілге тиек етті. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға барлығы 200 мың теңге жұмсалған. «Ізгілік айы» атты қайырымдылық шаралар легі рамазан айының соңына дейін жалғасатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады