
25 Наурыз, 2016
1002
«Балаларға ертегі сыйлады»
Қайырымдылық…бұл сөздің реңкі қаншама, мәні, дыбысталуы мен үндесуі қаншама десеңші... Игі істер жасау – үлкен өнер және аса ауыр жан-сезім ісі. Егер сіз игі ниетпен осы жолға түссеңіз, онда жан-дүниеңіз астан-кестен болатынына дайындалыңыз, кейін ол сезімнің сыңғыры басқа адамдардың жүрегіне селт еткізері сөзсіз... Адам болуға, шындықты қабылдауға дайын болыңыз... Басқа адамдардың қайғысына кез болу, оларға жаның ашу, әлеміміздегі әділетсіздікті сезіну. Ассамблея жастар қанаты құрамында Наурыз мейрамы күні кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға көмек беруді шешкеннен кейін осындай сезімге бөленіп, осындай ой-пікірде болдым. Қала тұрғындары алаңда қыдырып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, би билеп, ән салып жүрген күні біз қуаныш пен жылулығымызды орталықтағы балалармен бөлісуді шештік. Ішкі түйсігіміз бізді адастырмады...
Орталық босағасына кіре бергенде қуанышты балғындар бізді жарқын жүздерімен қарсы алды. Кішкентай, нәзік те ақжарқын балалар өз бөлмелерінен қарап, бізге қол бұлғай бастады. Бәрі де осыдан кейін басталды. Балғындар көп емес, 13 бала. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды, ашық, жарқын жүзді, ұяла қолдарын созады. Бастапқыда, әрине танысып өттік. Өзімізді қалай ұстауды білмедік. Сезімімізді қалай тыямыз, жүгіріп келіп, қалай қатты құшақтай алғаныңды байқамайсың. Қыздар болса, сәбилерді мәпелеуге кірісті, ал жігіттер ойындар жүргізді. Балалар шынымен елігіп кетті. Оларға бәрі де: гитарада айтылған әндер де, Асадов өлеңдері де, біздің шын ниетті тілектеріміз де қызықты болды. Бұл жалған қызығушылық емес. Балалар құлақпен естімейді, олар жан-дүниесімен тыңдайды!
Түрлі этномәдени бірлестіктер өкілдері біздің ұсынысымызды қолдап, тәтті ұлттық тағамдарды қуана-қуана табыс етті. Әр түрлі халықтың мәдениетін адамның пісірген тамағынан танитынымыз бәрімізге мәлім. Тамақ ішкен кезде біз балғындарға қай тағам қай этностың ұлттық тамағына жататынын түсіндірдік. Уақыт көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, сағат екіге қарай біз балалармен тым елігіп, қоштасу сәтінде мұңға баттық. Дегенмен «жақсылық шеңбері» бұл сезімді тез тарқатты, біз бір-бірімізге ізгі сөздер тілеп, телефондармен алмастық. Ең бастысы, бізге осы орталыққа барып қайту болды.
Ассамблеядан келген балалардың көздерінен балалардың жағдайына деген күйініш көрінді, олар өз жігер-қуаты мен махаббатын балғындарға беруге тырысып бақты... Біз кетерде тәрбиешілер былай деді: «Балалар, келіп тұрыңдар, жарты күн болмай, жарты сағатқа келгендерің де жеткілікті. Әрқашан осындай дастарқан жаю да міндетті емес. Балғындар үшін сіздердің жан жылуларыңыз, сіздермен тіл табысу маңыздырақ. Біршамасының басында түрлі өмірлік жағдай болған, осындай қуанышты күндер олардың көптеген ауыртпалықтарды ұмытуына септігін тигізеді».
Біз міндетті түрде келеміз, қайта-қайта дәрігер, журналист, тракторшы болуды армандайтын балаларға келіп тұрамыз. Сүйікті жазушым А.П. Чеховтың дәйексөзін айтуға жалықпаймын: «пока молоды, сильны, умны, не уставайте делать добро». Содан сіз ішкі жан-дүниеңіздің қандай екенін, кейде терең ойланып, күнделікті қарбаластың ар жағында құндырақ нәрсе бар екенін түсінгенде, жаныңыз өзгереді. Атап айтқанда, ол – адамның басқаға қол созуы. Осы үшін өмір сүрген абзал.
Бақытжан Шынтемірова
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Сиқырлы қысқы ертегі: Қарағандыда Католиктердің Рождествосы аталып өтті
-
Павлодарда түрлі этностар мен ертегі кейіпкерлерінің бас киімдері, әшекей бұйымдары, киімдері ұсынылған көрме ашылды
-
Ақтөбелік жас актерлер неміс тіліндегі жаңа спектакльдің тұсауын кесті
-
Павлодарда 18 этнос өкілі ертегілерінің қуыршақтар көрмесі өтуде
-
КӨКШЕТАУДАҒЫ АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ СЫЙЛАДЫ
-
Көкшетауда «Қазақстан халықтары ертегілерінің» тұсаукесері өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Сиқырлы қысқы ертегі: Қарағандыда Католиктердің Рождествосы аталып өтті
-
Павлодарда түрлі этностар мен ертегі кейіпкерлерінің бас киімдері, әшекей бұйымдары, киімдері ұсынылған көрме ашылды
-
Ақтөбелік жас актерлер неміс тіліндегі жаңа спектакльдің тұсауын кесті
-
Павлодарда 18 этнос өкілі ертегілерінің қуыршақтар көрмесі өтуде
-
КӨКШЕТАУДАҒЫ АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ СЫЙЛАДЫ
-
Көкшетауда «Қазақстан халықтары ертегілерінің» тұсаукесері өтті