Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2016

921

«Балалар бейбітшілік үшін» фестивалі

Армян мәдениеті де армян елі секілді  ғасырлар қойнауынан бастау алады. Дегенмен, түрлі мәдениеттердің араласуына қарамастан, армяндар өз мәдениеті мен әсем дәстүрлерінің бүкіл сипатын сақтап қалды. Армян мәдениеті көрші Грузия мәдениетіне қайран қаларлықтай ұқсас және Иранның мәдениетіне кейбір белгілерімен жақын болғанымен, айтарлықтай ерекшеліктері де бар. Армян менталитеті қызба мінезімен испандықтарға, гректерге, итальяндықтарға өте ұқсас.  

Армян жерінің дарынды тұлғалары дүние жүзіндегі армяндар секілді ұрпақтарына орасан зор мәдени мұра қалдырып, бүгін де өнер туындыларын жасап келеді.

«Балалар бейбітшілік үшін» фестивалі жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімге арналды. Құттықтау сөздерін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Салимов Наиль  және «Кентрон» этномәдени орталығының төрағасы Говорг Геворкян айтып өтті. Балалар іс-шарада әсерлі нөмірлерімен шықты: әндер шырқады, апспаптарда ойнады, би биледі. Балалар өз өнерлерін паш етіп, өз халқының дәстүрлерін, армян мәдениетінің көркемдігі мен әсемдігін танытты. 

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталды. 

   

   

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай