24 Қаңтар, 2025
242
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
2025 жылғы 24 қаңтарда онлайн-форматта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті.
Іс-шараны 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында Қырғызстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Сессияның модераторы Еуразия және Африка халықтары Ассамблеясы Бас хатшысының орынбасары, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Михаил Федоров болды.
Сондай-ақ іс-шараға Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар және шет елдермен достық байланыстар комитетінің төрағасы Рустамбек Курбанов, Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университеті ректорының міндетін атқарушы Сергей Волков, Мәскеу қаласындағы Сретен клубының жетекшісі Владимир Курдюмов, Мәскеу қаласының Еуразиялық іскерлік клубының президенті Валерий Лоскутов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов және басқалар қатысты.
Стратегиялық сессияда алда келе жатқан ҰОС жеңісінің 80 жылдығын мерекелеу, ҰОС қатысушыларының достығы мен тұтастығының рөлі, сондай-ақ жас ұрпақты бейбітшілік пен келісім қағидаттарында тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс барлық бауырлас халықтардың игілігі екенін атап өтті. Бұл ретте ынтымақ пен келісім болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен достығының кепілі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы