
02 Маусым, 2016
1347
Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерті
«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде 2016 жылғы 1 маусым күні елордалық «Жастар» театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерті өткізілді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Ахмет Мурадов, Наталья Жұмаділдаева, Наринэ Микаелян және Геннадий Шиповских сынды мәртебелі меймандар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, қайырымгерлер, меценаттар мен мемлекеттік органдар өкілдері мерекелік концерттің қонақтары болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова құттықтау сөзінде аталмыш іс-шараның маңызына тоқталды: «2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының тұсауы кесілді. Бұл игі бастаманы алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясы, соның ішінде еліміздің этномәдени бірлестіктері көтергені қуантады. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі сол, бұл мерекені балалар өздері өткізіп жатыр. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан саясаттың, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың парасатты саясатының түпкі мәні, міне, осында жатыр. Яғни, адамгершілік, мейірімділік пен ізеттілік сынды жақсы қасиеттер сабақтастық тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруінде. Барша қазақстандықтардың мейірімге толы жүрегі бейбітшілік, қайырымдылық пен адамгершіліктің бір ғаламат шаңырағы астында біріге берсін».
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Қайырымдылық іс-шараның барысында 2013 жылы туылған Сейчанов Темірланды емдеу және оңалту үшін қаражат жиналды. Үш жасар Темірлан балалар церебральды сал ауруының ауыр түріне шалдыққан. Анасы босанған кезде сәби жарақат алып, нәтижесінде мүгедек болып қалған. Кейін оған «Көру нервтерінің атрофиясы» деген диагноз қойылған. Концерт соңына дейін 1 млн. теңге шамасында қаржы жиналды. Оның 500 000 теңгесін елордалық «Вайнах» шешен-ингуш ансамблінің тәрбиленушілері жинаса, қалғаны концертке келген қонақтардан түсті.
Темірланның анасы Айгүл Шәріпова көзіне жас ала тұрып: «Бүгін – Балаларды қорғау күні. Балалар – бұл біздің бақытымыз, біздің байлығымыз, біздің болашағымыз. Сондықтан, баламызға жәрдем берген осы іс-шараны ұйымдастырушыларға, Қазақстан халқы Ассамблеясына, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығына» және осы жерде отырған баршаңызға алғысым шексіз. Осы сахнада өнер көрсеткен бүлдіршіндерге көп рахмет. Сіздердің жарқын жігеріңіз бен талантыңыз Темірланға жұғысты болсын, ол да аяқ басып жүріп кететіне кәміл сенімдімін!» - деп, өз алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті