Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Желтоқсан, 2023

215

«Баршаға бір әлем!»- ерекше балаларға арналған іс-шара

Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері жыл сайын 3 желтоқсанда Халыкаралық мүгедектігі бар жандар күні аталып өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – осындай адамдардың құқығын қорғау және олардың қоғамның өміріне араласу мүмкіндіктерін кеңейту.


2023 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласында Халыкаралық мүгедектігі бар жандар күні аясында «Баршаға бір әлем!» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар – «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Исраилова Махинур Вильямқызы, «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры – Дүйсенбаева Нұрғайым Тоқанқызы; Алматы қаласы «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Бақылау кеңесінің төрайымы – Айнақұлова Данагүл Мұхамедкерімқызы; Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты - Зия Билалұлы Талғатов құттықтау сөз сөйледі.



Іс-шара жылы шыраймен, достық атмосферада өтті. Аслан Төлебиұлы, Иманғалиев Әсет – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері; Дәурен Байбөрі – «Алматы әуендері» концерттік бірлестігінің әншісі қонақтарға концерттік бағдарлама қойды. «Арман» би тобы әндіжан және үнді билерін орындады. Қисамедин Дана мен Жанатқызы Бота жарқын испан биімен қуантса, «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының дәрігері Есболатов Саят түймелі аккордеонда вальс комбинациясын шебер ойнады. «Аяла» орталығының тәрбиеленушілері де өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті. Қойылымдардың жарқын және әсерлі болғаны сонша, көптеген қонақтар оларды би билеп қуана қолдады.

Концерттен кейін ұйымдастырушылар балаларға дәмді тағамдар, торт және сыйлықтармен мерекелік дастархан жайды.



Алматы қалалық Аналар кеңесі жыл сайын балаларға моральдық және материалдық көмек көрсетіп, түрлі қайырымдылық шараларын өткізетіндігін атап өткен жөн. Ал игі дәстүрге айналған бұл акция әр адамның тең мүмкіндіктері, құқықтары мен бостандықтары бар екенін көрсетуге, ерекше назар аударуды қажет ететін адамдардың қоғамдағы өмірден тыс қалмауына тамаша мүмкіндік.

Мереке шынымен де сәтті өтті. Қонақтар мен қатысушылар көптеген жағымды әсерлер, жаңа эмоциялар алды, ал балалар сыйлықтар мен шоу-бағдарламаға риза болды.

Кейін қарай