Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қаңтар, 2024

116

Башқұртстан басшысы Астанаға ресми сапармен келді

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров Қазақстан Республикасының елордасына ресми сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы халықтары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды.

Башқұрт делегациясы «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумына қатысатын болады. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық өте көп қырлы, өзара мүдде тек қаржылық пайдаға ғана емес, сонымен қатар басқа да салалардағы, ең алдымен, мәдени саладағы бір-біріне деген қызығушылыққа байланысты.

Қазақстанда тұратын этностардың мәдени дамуына барлық жағдай жасалған. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қазақтар мен башқұрттардың тарихы, тілі, дәстүрі ұқсас. Башқұрлардың «Ыйын» ұлттық мерекелік іс-шаралар жыл сайын өткізіледі. Қазақ ақыны, аудармашы Саят Қамшыгер этностарымыз арасындағы әдеби байланыстың дамуына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, белгілі башқұрт жазушысы Айғыз Баймұхаметовтың кітаптары Қазақстанда танымал. Өз кезегінде алматылық жерлесіміз, башқұрт жазушысы Орал Юлдашевтың «Тимербулат Имашев. Талант тағдыры» кітабі Уфа қаласында шықты. Башқұртстанның жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер білім алуда, ғалымдар бірлескен іс-шараларға қатысады, шығармашылық ұжымдар гастрольдермен алмасады, бірлескен спорттық және мәдени шаралар өтеді.

Кейін қарай