06 Мамыр, 2015
1176
БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ
Қазақстан халқы ассамблеясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған
салтанатты іс-шаралар өткізеді
2015 жылғы 7 мамыр күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көшесі 40, мәжіліс залы) «Пламя победы» үштомдығының таныстырылымы болады.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, жинақ авторлары: Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚХА мүшесі Леонид Гирш, жазушы Олжас Сүлейменов, белгілі қоғам қайраткерлері Мұрат Әуезов, әдеби шолушы Елена Брусиловская және өзге де құрметті қонақтар қатысады.
Таныстырылым соңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері мерейтойлық медальдармен марапатталады.
Сағат 12.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінің алдындағы алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Қаһармандықтың мәңгілік ғибраты» Ассамблея форумы салтанатты түрде ашылады. Салтанаты іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Ұлы Отан соғысының 120-дан астам ардагері, жастар бірлестіктерінің мүшелері мен жалпақ жұрт қатысады.
Форумды өткізу барысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған театрландырылған көрсетілім қойылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Форум танымал қазақстандық орындаушылар, қаланың шығармашыл ұжымдары және этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен салтанатты концертпен аяқталады.
Форумды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы қалалық хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
***
«Пламя победы» үштомдығында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы әңгімеленеді. Жинақтың ерекшелігі – соғыс тарихындағы оқиғалар оған қатысушылардың көзімен көрсетілуінде.
Бірінші том - «Великие битвы», «Кавалеры Золотой Звезды» және «Товарищи по оружию» атты бөлімдерден тұрады. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық жауынгерлер туралы, тұтастай алғанда, жинақтың бағыты мен мазмұнын айқындайтын «Долгих четыре года» мақаласымен ашылады.
28 гвардияшы-панфиловшылардың даңқын асырған Мәскеу түбіндегі шайқасқа жеке тарау арналған. Мұнда генерал Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы туралы баяндалады, Дмитрий Снегиннің Василий Клочков, Мәлік Ғабдуллин, Петр Вихрев туралы «Мои побратимы» очерктері де осы тарауда берілген. Ал Людмила Енисеева-Варшавскаяның «Смерть после Победы» және «Я солдат еще живой» атты мақалалары 28 батырдың кейбіреулерінің тауқыметті тағдырлары туралы ой толғайды.
«Кавалеры Золотой Звезды» бөлімінде Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар берілген. Қазақстанда олардың саны бес жүзден асады, олардың төртеуі – Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болғандар. Олар ұшқыштар: өмірден таяуда ғана озған Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов пен Леонид Беда. Олардың барлығы туралы материалдар жиналып, осы томға енген. Әрине, бұл бөлімде аты аңызға айналған, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған тұңғыш қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы да айтылады.
Кітапта Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» орденінің иесі Сағадат Нұрмағамбетов, даңқты партизан Қасым Қайсенов, 38-ші Алматы дивизиясының командирі Ғани Сафиулин, ұшқыш Плис Нұрпейісов, «Даңқ» ордендерінің толық иегері, Социалистік Еңбек Ері Михаил Яровой және басқа көптеген адамдар туралы мақалалар бар.
«Товарищи по оружию» бөлімі басқа мемлекеттер аумақтарында интернационалистік бригадалар құрамында шайқасқан қазақстандық жауынгерлерге арналған. Мысалы, даңқты Нормандия-Неман полкында соғысқан бұрынғы әскери ұшқыш, алматылық Василий Жовтый Францияның Құрметті легион офицері орденімен марапатталған.
Бірінші томға бірегей басылым – «Рукописный журнал фронтовой бригады» енгізілген. Журналды 1945 жылдың жеңімпаз сәуір айынан оны құрастырушылардың бірі, алматылық Николай Антонович Работягов әкелген болатын. Алыста қалған жылдардың бұл раритеті кеңес жауынгерлерінің қалай тіршілік етіп, қайтіп соғысқанын баяндайды.
Екінші томда Қазақстанның барлық өңірлерінде тұратын қазақстандық жауынгерлер туралы журналистік материалдар жинақталып, «Солдатские судьбы» тарауымен ашылған. «Свет Победы» циклымен шыққан өз материалдарының жинақталымын берген «Казахстанская правда» газетіне көп рахмет.
Келесі бөлімнің атауы - «У войны не женское лицо», мұнда соғысқа қатысқан әйелдер туралы материалдар берілген. Соғыс жылдары майданда түрлі әскери құрамаларда 800 мыңнан астам әйел қызмет етті
«Все для фронта, все для Победы!» бөлімінде тыл еңбеккерлері туралы әңгімеленеді.
Үшінші том «Память сердца» деп аталатын үлкен бөліммен ашылады, мұнда соғысқа қатысушылар туралы олардың балалары мен немерелері айтқан естеліктер жинақталған.
Бөлімдердің біреуі «Дети войны» деп аталған… Өздерінің соғыспен тұспа-тұс келген балалық шағы туралы алматылық оқытушылар Геннадий Лунев пен Павел Атрушкевич, Нью-Йорктен бұрынғы алматылық мұғалім, ҚР білім беру ісінің үздігі Владимир Ронки әңгімелейді.
Әскери зауыттардың кішкентай жұмысшы балалары туралы Алматыдағы «Қызыл Ту» өндірістік бірлестігінің бұрынғы бас директоры Анатолий Ховин естелік айтады.
1945 жылы Наталья Сац құрған Жас көрермен театрының алғашқы қадамдарын көргендердің ішінде Евгения Ивановна Василькова да бар. Бала шағында фашистік концлагерьлердің тозағынан өткен Павел Чередниченконың естеліктері де баяндалады.
Томның өте ерекше бөлімі – журналист Людмила Мананниковамен ұйымдастырылған Интернет желісінде соғыс туралы ең үздік шығармаға конкурсы аясындағы оқушылардың шығармаларынан құралған «Спасибо деду за Победу» бөлімі.
Бұл томның бізге С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының Жас суретшілер академиясы ұсынған балалар салған суреттермен иллюстрацияланғанын атап айтуымыз керек.
Томның соғыс кезіндегі өнер туралы айтылатын келесі бөлімі «Музы не молчали» деп аталады. Онда Людмила Енисееваның Алматыда жұмыс істеген Орталық бірлескен киностудия (ЦОКС) туралы қызықты материалдары жарияланған. Бұл орталық Алматыға эвакуация жасалған «Мосфильм» мен «Ленфильм» сияқты еліміздегі екі ірі киностудияның негізінде құрылған болатын.
Том «Стихи, пришедшие из боя» атты бөліммен аяқталады. Соғыс уақыты туралы ақындар Мұзафар Әлімбаев, Сағынғали Сейітов, Леонид Скалковский, Бақытжан Қанапьянов, Александр Белоцерковский, Олжас Сүлейменов, Раушан Бүркітбаева-Нүкенова және басқалар жыр толғайды.
___________________________
Байланыс телефондары:
+7 727 250 03 39, +7 702 822 88 99, +7 707 705 12 11
E-mail: enlik-erbol@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті