Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Маусым, 2015

1044

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 25 маусымда сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында  («Конституция» залы, 2-қабат) ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы болады. 

Отырыста мемлекет құрылысын «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша одан әрі дамытудың 100 нақты қадамы – Ұлт жоспарын іске асыруда ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері қаралады, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылын ғылыми-сарапшылық қолдаудың барысы және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланады. 

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың өкілдері,  ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысады.   

 

________________________

Анықтама алу және БАҚ-ты тіркеу үшін телефондар:

+7 7172 74-12-13, +7 7172 74-12-15,

+7 707 705 12 11, +7 702 465 31 37

Кейін қарай