Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2022

330

Журналистер клубындағы баспасөз-таңғы ас

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубы өңірдің баспа және электрондық БАҚ өкілдеріне баспасөз-таңғы ас ұйымдастырды.


Кездесудің мақсаты-Баспа және электрондық БАҚ пен Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, этномәдени бірлестіктермен және СҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелер ара іс-қимыл перспективалары жөнінде өзара пікір алмасу. СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.С. Жолмұханова құттықтау сөзінде: «Бүгін дөңгелек үстелде біздің өңірдің жетекші баспа және электрондық БАҚ өкілдері, ҚХА Журналистер клубының мүшелері бейресми жағдайда бас қосып отыр. Этносаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру– біздің ортақ ісіміз . Этномәдени бірлестіктер мен «Қоғамдық келісім» КММ бұл бағытта көп жұмыс атқарды әрі алдағы уақытта да көптеген жұмыстар жасайтын болады» деп атап өтті. Ж.С. ЖОЛМҰХАНОВА Солтүстік Қазақстан облысының журналистеріне Ассамблеяның атқарған жұмыстарын жариялап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

СҚО ҚХА Журналистер клубының төрағасы В.Ю. Корнева мен «Қоғамдық келісім» КММ БАҚ бөлімінің басшысы Д. Б. Елеуова жиналғандарға СҚО ҚХА Журналистер клубының жұмысын баяндады.
«Жастар» газетінің редакторы А.Жаукина СҚО ҚХА Журналистер клубының ұжымына алғыс білдірді". Айта кетер бір жәйіт, осы газеттен тұрақты жұмыс істейтін «Ассамблея жаңалықтары» айдары ашылды.
Кездесудің бейресми сипаты жиналғандарға оң әсер етті. Журналистер Ассамблеямен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. В. Ю. Корнева БАҚ өкілдерін клубқа мүше болуға шақырды.
Пресс-Таңғы Аста болашақ журналистермен өзара әрекеттесудің мүмкіндігі бойынша жаңа идеялар пайда болды. О. Файзулина («Проспект-СК» газеті, т.Шейкина («Солтүстік Қазақстан» газеті), СҚО ҚХА Журналистер клубының мүшелері Б. Базарбаев, Н. Рудикова және т. б. белсенді болашақ журниалистер өз ойларымен бөлісті.

БАҚ өкілдерінің бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде жауапкершілігінің аса зор екендігі даусыз. Ол барлық қатысушыларға аян.

Кейін қарай