
14 Желтоқсан, 2022
61
Басты міндет – ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту
Бұл туралы 2022 жылғы 13 желтоқсан күні, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде өткен жаңа «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымында белгілі журналист, «Ассамблея ТВ» арнасының құрылтайшысы Роман Альманский мәлімдеді.
Р.Альманскийдің айтуынша, 22 қазанда құрылып, өз жұмысын бастап кеткен «Ассамблея ТВ» арнасы көрермендер назарына танымдық, мәдени және ағартушылық контент ұсынуда. Және алдағы уақытта да контент сапасын арттыру арқылы телеарнаны дамыту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар жаңа телеарнаның құрылуымен телеарна ұжымын құттықтап, көпшілік тарапынан тиісті қолдау табатындығын білдірді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, жастар және БАҚ тілшілері қатысты.
Айта кетсек, телеарнаның құрылу мақсаты Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуда жетекші телеарна болу, этномәдени бірлестіктердің қызметін және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау болып табылады.
«Ассамблея ТВ» арнасы «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық компаниясының платформасында iD TV – кабельдік теледидар пакетінде таратылады, сондай-ақ «TV+» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Эфирлік хабар тарату торына Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңалықтары, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 31 жылдығын атап өтуде
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті
-
Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті
-
2022 жылғы 7 желтоқсанда бірыңғай күн аясында барлық облыс орталықтарында дәрістер өтті
-
Этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобы отырысы өтті
25 Қаңтар, 12:35
Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 18:08
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 17:16
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
27 Қаңтар, 19:03
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
Ұқсас жаңалықтар
-
Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 31 жылдығын атап өтуде
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті
-
Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті
-
2022 жылғы 7 желтоқсанда бірыңғай күн аясында барлық облыс орталықтарында дәрістер өтті
-
Этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобы отырысы өтті