20 Қазан, 2015
1151
Беларусь Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісінің беларусь қоғамдастығымен кездесуі
«Радзіма» Беларусь мәдени орталығы өзінің жұмысын 2003 жылы бастады. Этномәдени бірлестік қызметінің мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысында тұратын этникалық белорустардың, мәдени, экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру болып табылады, сондай-ақ беларусь ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін дәстүрін зерттеу және насихаттау, қоғамдық жұмыстарға араластыру, Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға қатыстыру.

Достық байланыстарды орнату және Беларусь Республикасымен мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін 2015 жылғы 20 қазанда Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің Солтүстік Қазақстан облысының беларусь қоғамдастығымен кездесуі өтті.
Кездесуге Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов, Беларусь Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Геннадий Клыга, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Асемгүл Есқожа, «Радзіма» белорусь мәдениет орталығының төрайымы Мария Чернышова, Қызылжар ауданының «Калі ласка» беларусь орталығының төрайымы Тамара Ткаченко, облыстық беларусь орталығының басқару мүшелері Сергей Чепурко, Михаил Романовский, Валентина Волчкевич, Лидия Бриль, Борис Самусев, сондай-ақ, жастар қанатының өкілдері Роман Гостренко және Владимир Холод қатысты.
Кездесудің қатысушылары арасында тиімді диалог алаңын құру және достық қарым-қатынас орнату үшін кездесуді ресми емес түрде ұйымдастыруды жөн көрді.
Бүгін отырысқа қатысқан беларусь қоғамының әрбір мүшесінде, беларусь халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау арқылы аймақтағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қосқан жеке үлесі туралы айту мүмкіндігі болды.
Сөз кезегінде Анатолий Ничкасов өңірдегі жұмыс шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар үшін өзінің шынайы алғысын білдірді және Беларусь Республикасының Елшілігімен этномәдени қоғамдық бірлестіктер арасында дипломатиялық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Біз «Радзіма» беларусь мәдениет орталығының қолөнер өнері көрмесі мен әдебиетін көрдік, беларусь орталықтарына сый ретінде, жақын арада оқулықтар, көркем әдебиеттер жібертуге уәде етемін», - деді.
Кездесу жылы және достық атмосферада өтіп, маңызды мәселелер талқыланды, қажетті шешімдер қабылданды, бұдан әрі ынтымақтастық қарым-қатынастар үшін байланыстар белгіленгенді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті