
08 Ақпан, 2017
2551
Бельгер оқулары
Екі жыл бұрын қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист, әдебиеттанушы Герольд Бельгер өмірден озды. Ол этностық неміс ретінде КСРО немістерімен бірге Қазақстанға, Есіл өзені бойындағы қазіргі Ысқақ Ыбыраев ауылы қасындағы қазақ ауылына жер аударады. Мұнда жас Герольд қазақ тілін жетік меңгерді.
Ауылда өсіп, қазақ орта мектебінде, кейін Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде білім алды.
Герольд Карлович 53 кітаптың авторы атанды. Олардың көбісі қазақ ауылы, олардың өмірі мен тұрмысы жайында болды.
Бүгін гуманитарлық-техникалық колледжінде жазушыны еске алуға арналған «Бельгер оқулары» байқауы өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары - «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» ҚБ.
Байқау барысында қатысушылар Герольд Бельгер туындыларынан үзінділер оқып, оның өмірімен және шығармашылығымен танысты.
Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар жазушының әдеби туындыларынан үзінділерді қазақ, орыс және неміс тілдерінде жатқа айтты. Екінші кезеңде қатысушылар жазушыға арналған туындыларын оқыды. Құрамында «Видергебурт» неміс этномәдени орталығының төрайымы Эльвира Ковзель, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Ақнұр Базарбекова, ГТК жалпы білім беретін бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Сутюшева бар қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша, көрермендер жазушының өмірі туралы фильмді тамашалады.
Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар, сондай-ақ орын алғаны үшін мақтау қағаздары табысталды. Үшінші орынды Татьяна Андрушкевич алса, екінші орын Жания Омароваға бұйырды. Ал бас жүлде иегері Әпсан Мөлдiр атанды. Оның өнері барша жиналған қауымның көңілінен шықты.
Іс-шара соңында «Видергебурт» неміс этномәдени орталығының төрайымы Эльвира Рудольфовна іс-шараға қатысушыларға және колледж директоры Александр Меркке ынтымақтастық пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.
Ұйымдастырушылар байқауды республикалық деңгейде өткізгілері келетінін айтты.