22 Мамыр, 2020
13344
Атырау: «Әл-Фараби оқулары» онлайн-байқауы қорытындыланды
Биыл Атырауда алғашқы рет өзге ұлт өкілдері арасында «Әл-Фараби оқулары» ұйымдастырылды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткен бұл байқаудың бірден-бір ерекшелігі – онлайн түрде өткізілуі.
Облыстық байқау Фараби оқулары - тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға арналады. Мамыр айының 10 мен 20 аралығында Атыраудың этнос жастары ұлы ойшылдың шығармаларын мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Онлайн режиміндегі шараға 15-ке жуық астам әртүрлі ұлт жастары қатынасты.
Білімгерлер көркем мәтінді талдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан сөйлеуіне қарай өзара сынға түсті. Ұлы ойшылдың жазба естеліктері мен шығармаларын насихаттаған оқушылар нақыл сөздерін мәнерлеп оқу кезінде шығармашылық деңгейлерін таныта білді.
Онлайн байқау нәтижесінде - Мақат ауданының О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Евгений Балуев жүлделі 1-ші орынды және бәйгеге тігіліген 60 мың теңге қаржылай сыйлықты қанжығасына байлады. Ал, Жылыой ауданының 15 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Алина Михайлова мен № 16 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Любовь Вталина жүлделі 2 орынды иеленіп, 50 мың теңге сыйлығын ұйтып алды. 3-ші орында жеңіп алған № 9 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Анастасия Васина мен № 9 орта мектебінің 10- сынып оқушысы Валентина Ламбрианидилерге жүлделі 40 мың теңгед ақшалай сыйлық табысталды. Өзге қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
1-ші орын иегері Евгений Балуев «бұл байқау менің қазақ тілімді байытты. Мен өзімнің білімділігімнің сынай алдым. Байқауға дайындалу кезінде Фараби атамыздың нақыл сөздерін қайта зерделеп, мән-мағынасына тереңірек үңілеуіме мүмкіндік берді. Тек сыйлық емес мен білімімді арттырғаныма қуаныштымын» дейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының вице-президенті Атырауда
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
сегодня, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының вице-президенті Атырауда